Өмірбаян

Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев


Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев 1961 жылы 3 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ-нің Қарағанды Жоғары мектебін (1984 ж.), КСРО ІІМ-нің Мәскеу Жоғары мектебін (1990 ж.) тәмамдаған, заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор. Ресей Академиясының Мемлекет және құқық институтында «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыстарды саралаудың теориялық мәселелері» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғаған (1999 ж.).

КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін бітіргеннен кейін сол оқу орнының комсомол комитетінің хатшысы, доцент, бөлім бастығы, мектеп бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (1984-1999 жж.); ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқу орнының басқарма бастығы (1999-2000 жж.); ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі (2000-03 жж.); Қазақ гуманитарлық-заң университетінің проректоры, бірінші проректоры, вице-президенті (2003-07 жж.); ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы (2007-09 жж.); «Парасат» ұлттық-технологиялық холдингінің» басқарушысы (2010 ж.) болып жұмыс істеген; 2011 жылғы қаңтардан бастап Қаржы полициясы академиясының профессоры. 2012 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі.

60-тан астам жарияланған еңбектері бар, оның ішінде оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары мен ғылыми мақалалар бар. Оның жетекшілігімен заң ғылымдарының 3 докторы мен 15 кандидаты диссертация қорғаған.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалдарымен, «Астана» естелік медалімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы білімінің құрметті қызметкері құрметті атағы бар, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ы.Алтынсарин» белгілерінің иегері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының құрметті мүшесі.  




Көрілген: 2629    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.09.2014, 17:46

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31