Ермахан Шайхыұлы Әбдіраман

Ермахан Шайхыұлы Әбдіраман

Ермахан Шайхыұлы Әбдіраман 1966 жылы 29 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1984 жылы № 31 кәсіптік-техникалық училищесін қызыл дипломмен бітіреді. 1986–1988 жылдары Түркістан қаласындағы «Қайта қалпына келтіру» шеберханасында жұмысшы болып еңбек етті. 1993 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірді. 1991–1992 жылдары оқудан қол үзбей «Қазақ университеті» баспасында редактор болып жұмыс істеді. 1993 жылы «Түркістан» қаласы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде бас маман, 1995 жылы алғаш ашылған «Түркістан тынысы» телеарнасының директоры болып қызмет етті. 1995–1996 жылдары «Тұран» телеарнасында редактор-режиссер, 1996–1999 жылдары қалалық мәдениет бөлімінде режиссер-сценарист болды. 1999–2006 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетінде аға оқытушы болып дәріс берген. 2000–2001 жылдары «Бикеш» республикалық газетінің Бас редакторы, 2003 жылдың мамыр айынан бастап «Ара» журналының тілшісі, 2004–2006 жылдары «Айқын» газетінде тілші, 2006 жылдан «Дала мен қала» газеті бас редакторының орынбасары, «50 де 50» газетінің Бас редакторы болып қызмет істеген. 2007 жылы «Айқын» газетінің жауапты хатшысы болды. 2009 жылдан бастап «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары, 2014 жылдан бастап «Айқын» газетінде меншiктi тiлшiлер бөлiмiнің редакторы болып қызмет атқарады.
«Ауыз тие отырыңыз», «Бір түрлі кітап», «Қазіргі қазақ сатирасы», «Мынауың жынды екен», «Жатыпатар», «Аққудың сыңары», «Шылдыр шүмек», «Ағынан жарылсақ...» атты кітаптардың авторы. Оның құрастыруымен «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» атты кітабы жарық көрді.
Қазақстан Жазушылар одағының және  Халықаралық Жазушылар одағының  мүшесі. «Бейбітшілік әлемі» алтын медалінің, Президенттің алғыс хаты және Садықбек Адамбеков атындағы сыйлықтың, Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың (2 мәрте) иегері.

2015 жыл

Ермахан Шайхыұлының интернет-басылымдарда жарияланған шығармаларын төмендегі сілтемелер арқылы оқи аласыздар.
satirik.kz
massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста