Өмірбаян

Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев


Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев 1963 жылы 1 маусымда Павлодар облысы Железинский ауданы Үрлітүп ауылында дүниеге келді. 1981 жылы Павлодар есеп-экономикалық техникумын, 1987 жылы Ярослав жоғары әскери қаржы училищесін бітірді. 2001 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1981 жылы Павлодар облысы Железинский ауданы Прииртышский ауылында бастады. 1981 жылғы қазан айы – 1983 жылғы тамыз айы аралығында Кеңес армиясының қатарында міндетті қызметте болды. 1987 жылғы қырүйек – 1993 жылғы қаңтар аралығында РФ Орталық банкінің далалық мекемесінің офицер-қаржыгері. 1993 жылғы қаңтар – қазан аралығында Павлодар қаласындағы әскери комиссариаттың бөлімше бастығының көмекшісі. 1993 жылғы қазан – 1998 жылғы шілде аралығында Павлодар облыстық әскери комиссариатының қаржы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшесінің бастығы. 1998 жылғы шілде мен желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығы. 1998 жылғы желтоқсан - 2000 жылғы мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті бастығының орынбасары – басқарма бастығы. 2000 жылғы мамыр - 2012 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бюджеттік жоспарлау және қаржы департаментінің бастығы. 2012 жылғы шілде – 2013 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы. 2013 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 802 Жарлығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және 14 мерейтойлық медальмен марапаталған.




Көрілген: 3657    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 01.06.2015, 20:45

Достарыңмен бөліс:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30