Иран-Ғайып (Иранбек Әбітайұлы Оразбаев)

Иран-Ғайып (Иранбек Әбітайұлы Оразбаев)

Иран-Ғайып (Иранбек Әбітайұлы Оразбаев) 1947 жылы 7 маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін (1970), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген (1980). Әр жылдары Қызылорда облысы «Білім» қоғамында референт, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялық репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарды.
Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді. Кейін «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары», «Желжуан», «Құдай қарғағандар», «Жамбылдың қызыл жолбарысы», «Негізгі шаруа», «Қанына тартқан қыңырлар», «Алтын адам», «Алтын ажал», «Киелі күнә», «Хан–Абылай–Сабалақ», «Жәбекшаған», «ГүлНәр», «Театр Романы», «Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы», «Махамбет», «Қашғария», «Былыққа батқан қала», «Керкеткен» атты драмалық дастандарын жазды. «Глаза ночи» (1983), «Царь слова»(1984), «Наследник» (1988) атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. 1990 жылы үш томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалысы оқырмандар қолына тиді.
2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жырмүшәйрасының бас жүлдегері.
Шығармалары: Жүрек жырлайды. Өлеңдер. 1974; Жеті қазына. Балладалар мен поэма. 1977; Түннің көзі. Өлеңдер. А., 1980; Өмірөлең. Жыр кітабы. А., 1982; Молодые поэты Средней Азии и Казахстана. М., «Молодая гвардия», 1982; Глаза ночи. Стихи. А., 1983; Царь слова. Стихи, поэма. М., «Советский писатель», 1984; Сұлулық сарасы. Өлеңдер, поэмалар. А., 1985; Дүниежарық. Жыр кітабы. 1987; Наследник. Поэма. 1988; Батқан кеменің бейбақтары. Дастандар. 1990; Мұнар, мұнар, мұнарым… Қасірет кітабы. 1992; Иран бағы. Таңдамалы. 1995; Сөз патша. Таңдамалы. 1996; Жыр әлемі. Жыр кітабы. 1996.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста