Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев

Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев

Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. Экономист-ғалым. Экономика ғылымының докторы (1977), профессор (1978), ҚР ҰҒА академигі (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996). ҚазМУ-ды тәмамдаған (1960). 1960-1963 жылдары ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы, 1963-1966 жылдары Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты, 1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды. 1982-1990 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры, 1990-1994 жылдары Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры, 1994-1996 жылдары ҚР ҰҒА президенті, 1996-2004 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің, Халықаралық бизнес университетінің ректоры, 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. 2007 жылдан - «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. Салық салу «КагЕпегду» ассоциациясы үйлестіру кеңесінің төрағасы.

Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты: материалдық-техникалық жабдықтаудың экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері, Қазақстандағы экономикалық реформа теориясы мен әдіснамасы. 150-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Кембридж өмірбаяндық орталығының “Жыл адамы – 1992” атағын алды. Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. «Қазақстанның Еңбек» сіңірген ғылым және техника қайраткері (2003). «Еңбек Қызыл Ту» (1971), «Халықтар Достастығы» (1987), «Парасат» (2005), II дәрежелі «Барыс» ордендерімен; «Тың жерлерді игерген үшін» (1957), «Қажырлы еңбек үшін» (1970), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста