Медеу Сапаұлы Сәрсеке

Медеу Сапаұлы Сәрсеке

Медеу Сапаұлы Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қайнар ауылында туған. 1958 жылы Қазақстан кен-металлургия институтын тамамдап, инженер-металлург мамандығын алып шыққан соң, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің редакциясында жұмыс істеп, біраз уақыт жұмысшы жастар бөлімін басқарған. 1959 жылы Семей цемент зауытына ауысып, біраз жыл қатардағы инженерден техникалық бөлім бастығына дейінгі қызметтерді атқарды. 1963 жылы Өскеменде «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің меншікті тілшісі болып істеді. Ал 1965 жылдан бері әдеби жұмысқа біржола ауысып, Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы міндетін атқарды.
«Ғажайпы сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Өзі ортасында жүрген өндірістің қилы-қилы сырларын, онда еңбек ететін адамдар туралы күрделі шығармалар жазады. Ол алтын, күміс ақтарған, мырыш тасқындатқан кенді Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық» романын жазады. Кейіннен жалғасы ретінде «Көмбе» романын жазады.
2002 жылы академик Қ.Сәтбаев жайлы орыс тілінде «Планета Сапаева» және «Через тернии» кітаптары оқырманға жол тартқанда саналы ғұмырын қазақтың Қанышына арнаған белгілі жазушы Медеу Сәрсеке атақты ғалымды әлемнің 112 еліне танытқан сутеткер еді.
Жазушы тағы да бір есімді оқырмандарына танытып отыр. Ол «Ғибратты ғұмыр» сериясымен «Ебіней Бекетов» атты күрделі еңбек еді. Мұнда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, біртуар ғалым Ебіней Арыстанұлы Бекетовтің қиын да, қилы тағдыры, ғұмыр тарихы туралы сыр шертеді.
Шығармалары:
Сәрсеке М. Газетпен бірге есейдім // Семей таңы.-2009.-3 желтоқсан.-5 б.
Сәрсеке М. Тамыры тереңге жеткен: ғұлама ғалым, әйгілі әдебиетші, ақын, аудармашы, сыншы Ебіней Бекетов туралы // Семей таңы.-2005.-18 наурыз.
Сәрсеке М. Абай тойы.- Алматы: Атамұра, 1996.-288 б.
Сәрсеке М. «Ақылды адам арманмен егеспейді: «Бес тұғыр» жинағы туралы // Семей таңы.-2000.-1 қыркүйек.
Сәрсеке М. Қазақтың Қанышы: Роман эссе .- Алматы: Атамұра, 1999.-592 б.
Сәрсеке М. Тарақты және Қаракесек шежіресі.- Алматы: Атамұра, 1995.-272 б.
Бәшей К. Ұлыны ұлықтаудың үлгісі // Ертіс өңірі.-2004.-22 қаңтар.-27 .
М.Сәрсекенің «Сәтбаев» ғұмырнамасы Мәсеуден шықты // Дидар.-2003.-27 желтоқсан.-2 б.
Сәрсеке М. Сәтбаев әлемінің сыры // Семей таңы.-2002.-6 қыркүйек.-4 б.
«Құрмет» орденімен (2001), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста