Өмірбаян

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев

  • Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев

    Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев

 Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев 1976 жылы 13 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша (1997), Қазақ гуманитарлық Заң университетін (2003) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты.

1997-1998 жылдары «Казахойл-коммерция» ЖШС-нің мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы. 1998-2002 жылдары «Бұлақ», «Стандарт Трейд», «Стандарт Ойл Бейс», «Стандарт Ойл», «Стандарт Ойл Трейдинг», «Стандарт Газ» ЖШС-терінде директордың орынбасары, атқарушы директор, директор. 2002 жылы «Харрикейн Ойл Продактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры. 2002-2004 жылдары «Қызылорда Мұнай Сервис» ЖШС-нің бас директоры. 2004-2005 жылдары – «Торговый Дом «ПетроКазахстан» ЖШС филиалының директоры. 2005-2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008 жылдың 8 ақпанынан 2013 жылдың 13 ақпанына дейін Шиелі ауданының әкімі. 2013 жылдың 13 ақпанынан Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың өкімімен Қызылорда қаласы әкімінің қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011) марапатталған.




Көрілген: 2865    Пікірлер: 3

жексенбі, 12.10.2014, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31