Өмірбаян

Нұрпейіс Мақашұлы Мақашев

Нұрпейіс Мақашұлы Мақашев 1946 жылы 9 қаңтарда Атырау облысы Исатай ауданында дүниеге келген. Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтын бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.

1972-1979 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресінің шебері, бас инженері, ҮҚК-нің бастығы. 1979-1984 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресі партия комитетінің хатшысы. 1984-1985 жылдары - Гурьев қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1985-1987 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресінің басқарушысы, облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы. 1987-1990 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс», «Ембімұнайқұрылыс» трестерінің бастығы. 1990-1992 жылдары - Гурьев қалалық атқару комитетінің, Халық депутаттары қалалық кеңесінің төрағасы. 1992-1993 жылдары - Гурьев қалалық әкімшілігінің басшысы. 1993-1999 жылдары - «Магденли-халықаралық тасымал» фирмасының, «АТМА-Әуежай Атырау және тасымал» акционерлік қоғамынының бас үйлестірушісі. 1999-2001 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2001-2002 жылдары - «Қазақойл» ҰМК, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ президенттерінің кеңесшісі. 2002-2004 жылдары - «Ембімұнайгаз» ААҚ-ның президенті, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ» «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2007 жылдан - «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры.

«Құрмет» орденімен, С.Радонежскийдің 1-ші дәрежелі медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.




Көрілген: 1683    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.01.2015, 19:25

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31