Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев

Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев

Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев 1947 жылы 15 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Свердловск қаласындағы (қазіргі Екатеринбург) Уральск политехникалық институтын, Алматы Жоғары партия мектебін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 1970-1972 жылдары – Кеңес Армиясы офицерлік құрамында қызметте. 1972-1976 жылдары – Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-конструкторы. 1976-1984 жылдары – жауапты партия-кеңес жұмысында. 1984-1990 жылдары – Қазақстан Министрлер кеңесі төрағасының және КП ОК бірінші хатшысының көмекшісі. 1990 жылдың мамыр айынан 1991 жылдың маусым айына дейін – Қазақ КСР Президенті аппаратының басшысы. 1991 жылдың маусым айынан 1994 жылдың маусымына дейін – Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының және Министрлер кабинетінің басшысы. 1994 жылдың маусымынан 1995 жылдың қазан айына дейін – Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының басшысы. 1995-1996 жылдары – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Швеция Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Ирландия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 1996-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі. 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы. 2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы. 2007-2008 жылдары – Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 2010 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі.
Экономика ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Дипломатиялық рангі – Төтенше және Өкілетті Елші. Әскери атағы – генерал-майор. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері. ҚР Волейбол федерациясының президенті, ҚР Гольф ұлттық ассоциациясының президенті, Ұлттық жаратылыстану академиясының президенті. Наградалары: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев", "Парасат", "Орден Дружбы" (Ресей), "Орден Почета" (Ресей) ордендері және медальдары.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста