Полат Наурызбайұлы Қырықбаев

Полат Наурызбайұлы Қырықбаев

Полат Наурызбайұлы Қырықбаев 1961 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында дүниеге келген. Қазақ денешынықтыру институтын, «Қайнар» университетін тәмамдаған. Педагогика ғылымының кандидаты, самбо және қазақша күрестен спорт шебері, Қазақстан Республикасының самбодан еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ордабасы ауданының Құрметті азаматы.
1985-1986 жылдары - Бөген аудандық балалар мен жасөспірімдер мектебінің оқытушы-бапкері, Қазақ химия технологиялық институтының Денешынықтыру кафедрасының оқытушысы. 1986-1987 жылдары - «Қайрат» балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы. 1987-1988 жылдары - Шымкент облыстық кеңесі Бөген аудандық «Қайрат» ерікті денешынықтыру және спорт қоғамының төрағасы. 1988-1989 жылдары - Арыс қаласы балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы-ұстазы, 1989-1991 жылдары - Шымкент облыстық Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы-ұстазы, аға жаттықтырушысы. 1991-1994 жылдары - Шымкент педагогикалық денешынықтыру институты жекпе-жек кафедрасының оқытушысы. 1994-1999 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Олимпиадалық резервтегі су және ұлттық ойындар түрі бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры. 1999-2003 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт департаментінің бастығы. 2003-2007 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры. 2007-2009 жылдары - Бекзат Саттарханов атындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының директоры, Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округінің әкімі. 2009-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2013 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық штаттағы командалар және спорттық резерв дирекциясының директоры болды. 2014 жылдан бастап Бекзат Саттарханов атындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының директоры.
«Құрмет»орденімен, медальдармен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста