Сағындық Сатыбалдыұлы Сатыбалдин

Сағындық Сатыбалдыұлы Сатыбалдин

Сағындық Сатыбалдыұлы Сатыбалдин 1937 жылы 5 мамырда Қостанай облысы Семиозер ауданының (қазіргі Әулиекөл) Жангелдин атындағы кеңшарда дүниеге келген. 1960 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) экономика факультетін бітірді. «Еуразия» халықаралық экономикалық академиясының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик.
1962 жылы халық шаруашылығын жоспарлау кафедрасының аға оқытушысы болып тағайындалды. 1962-1966 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында деканның орынбасары. 1975-1976 жылдары АҚШ университеттері мен ғылыми орталықтарында тағлымдамадан өтті. 1980 жыл - МГУ докторанты. 1981-1983 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының профессоры. 1983-1984 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясында өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары. 1984-1985 жылдары - Вьетнам КП ОК және Вьетнам үкіметі жанындағы Халық шаруашылығын басқару Жоғарғы мектебінде сабақ берді. 1985-1990 жылдары - А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының ректоры. 1992-1993 жылдары - ҚР ҰҒА вице-президенті - қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы. 1993-2004 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты атқарушы директорының орынбасары. 2004 жылы Қазақ-Британ техникалық университетінің директоры болды.
Академик С.Сатыбалдинның 400-ден астам ғылыми еңбектері, зерттеулерді, соның ішінде 45 ұжымдық монографиялары, оқулықтары жарияланды. Олар ТМД елдерінде, АҚШ, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Жапония, ҚХР, Швеция, Пәкістан және әлемнің басқа мемлекеттерінде басып шығарылған. 2004 жылы Кембридж университетінің библиографиялық орталығы С.Сатыбалдинге «ХХІ ғасырдың көрнекті ойшылы» атағын беріп, күміс медальмен марапаттады. 2006 жылы АҚШ мәдениет және білім қайраткерлерінің жалпы жиналысы мен америкалық библиографиялық институт қазақстандық ғалымды «Бейбітшілік үшін халықаралық награда» Құрмет дипломымен марапаттады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста