Сәния Мұсақызы Қалдығұлова

Сәния Мұсақызы Қалдығұлова

 Сәния Мұсақызы Қалдығұлова 1956 жылы 24 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген, 1982 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1976 жылы аға тәлімгер, бастауыш класс мұғалімі қызметтерінен бастаған. 1980-1988 жылдар аралығында комсомол органдарында: ҚазССР-і Фрунзе аудандық ЛКЖО-ның екінші хатшысы, Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының төрайымы болып қызмет атқарған. 1988 жылдан бастап атқарушы билік органдарында: Ақтөбе қалалық Халық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары, қала әкімшілігі басшысының орынбасары, қала әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс жасаған. 1999 жылдан 2004 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2004 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта жалпы орта білім беретін №17 мектеп-гимназия директоры, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2012 жылы 15 қаңтарда облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған. 2012 жылғы 20 қаңтарда сессия шешімімен Ақтөбе облыстық мәлихатының хатшысы болып сайланған.
«Құрмет» Орденімен (2003), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2009), «Ақтөбе облысының жыл адамы - 2011», «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» (2011) құрметті атақтарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста