Өмірбаян

Сәуле Мұханбедианқызы Айтбаева


Сәуле Мұханбедианқызы Айтбаева 1960 жылы 22 мамырда Торғай облысы Жақсы кентінде дүниеге келген. 1977 жылы - Торғай облысы Жақсы аудандық прокуратурасы кеңсесінің меңгерушісі. 1978 жылы - Торғай облысы Жақсы аудандық комсомол комитетінің машинисі. 1979-1983 жылдары - Р.А.Руденко атындағы Свердлов заңтану университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсті. 1983 жылы - Целиноград облыстық прокуратурасы Ленин аудандық прокуратурасының тәлімгері. 1984 жылы - Целиноград қаласы Ленин аудандық прокуратурасының тергеушісі. 1985 жылы - Ақмола облысы прокуратурасының ішкі істер органдарындағы тергеу мен анықтауды қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры. 1988 жылы - Ақмола облысы прокуратурасы кадрлар жөніндегі прокурорының көмекшісі. 1992 жылы - Ақмола облысы прокуратурасының ұйымдастыру-талдау бөлімінің прокуроры. 1996 жылы - Целина көлік прокуратурасының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс жөніндегі аға прокуроры. 1997 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (ҚСжАО) алғашқы есепке алу құжаттарын, есептілік және әдістеме нысандарын әзірлеу және енгізу бөлімінің бастығы. 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары - Астана қаласындағы статистика басқармасының бастығы. 1999 жылы – ҚсжАО (Д) бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы болды. 2001 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары. 2003 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасыны орынбасары. 2005 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Мемлекет басшысының 2012 жылдың сәуіріндегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» (2001) атағы бар, «Ерен еңбегі үшін» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.




Көрілген: 2222    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.05.2014, 13:51

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31