Тынысбек Әуелбекұлы Қоңыратбай

Тынысбек Әуелбекұлы Қоңыратбай

Тынысбек Әуелбекұлы Қоңыратбай 1955 жылы 18 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1973-1977 жылдары Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда пединститутын, 1982-1986 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған. Фольклортанушы, этнограф, өнертанушы, филология ғылымдарының докторы, өнертану (2004) және филология (2006) профессоры.
Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі комитетке қарасты республикалық "Өнер" баспасында 1984-1989 жылдары редакторлық қызмет атқарып, ондаған кітаптар, оқулықтар мен оқу құралдарын редакциялаған. Одан бергі жерде "Кітап жаршысы" газетінің редакторы, 1989 жылдан күні бүгінге дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде доцент, профессор, кафедра меңгерушісі болып қызметін атқарып келеді. Республикаға тарайтын "Қазақ және әлем әдебиеті", "Музыка әлемінде" журналдарының бас редакторы, ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері. Негізгі ғылыми зерттеу еңбектері қазақ фольклоры, әдебиет және өнер тарихының мәселелеріне арналған. "Көне мәдениет жазбалары" (1991), "Тотынама" (1991, 2005), "Елім-ай" (1994), "Әуелбек Қоңыратбаев — қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші" (1995), "Әуелбек Қоңыратбаев — түркітанушы" (1996), "Ертедегі ескерткіштер" (1996), "Эпос және этнос" (2000), "Ел мұрасы" (2003), "Қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен фольклоры" (2003), "Ағайынды ағартушылар" (2004), "Әлем музыкасының тарихы" (2010), "Қазақ музыкасының тарихы" (2011) атты іргелі ғылыми монографиялары, зерттеулері және оқу құралдары жарық көрген. 2004-2005 жылдары жарық көрген профессор Әуелбек Қоңыратбаев шығармаларының 10 томдық басылымының құрастырушысы әрі жауапты редакторы. Шетел (АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Өзбекстан) және республикалық баспасөз ("Ақиқат", "Парасат", "Ұлт тағылымы", "Түркология", ҚР YFA "Хабарлары", т.б.) беттерінде 500-ден астам ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық мақалалары жарияланған.
Т.Қоңыратбай — қаламы төселген қаламгер, ондаған зерттеу кітаптарының авторы, мерзімді басылым беттері мен түрлі әдеби-публицистикалық жинақтарда әдебиет пен өнер мәселелеріне арналған жүздеген мақалалары жарық көрген.
ҚР Жастар одағының (1979), ҚР Білім және ғылым министрлігінің (1996, 2011) Құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР білім беру ісінің үздігі (2000), А.Байтұрсынов төсбелгісінің иегері (2012). Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі (2010).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста