Өмірбаян

Замир Садықұлы Сағынов

  • Замир Садықұлы Сағынов

    Замир Садықұлы Сағынов

 Замир Садықұлы Сағынов 1966 жылы 18 қазанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Өскемен құрылыс-жол институтын «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша тәмамдаған, инженер-құрылысшы. 1991 -1998 жылдар аралығында Фурманов аудандық автожол мекемесінде жол мастері, прораб, Облыстық "Орал жолдары" қазынашылық кәсіпорынының бас инженері, жол қауіпсіздік байланыс және жол қорғау бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен. 1999-2006 жылдар аралығында Батыс-Қазақстан облыстық "Қазақавтожол" РМҚК пайдалану жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы, Батыс Қазақстан облыстық Автомобиль жолдары басқармасының бастығы, Казталов ауданының әкімі қызметін атқарған. 2006 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне, 2008 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2014 жылдың наурыз айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.

«Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.




Көрілген: 1444    Пікірлер: 0

жұма, 17.10.2014, 08:16

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31