Мен депутат болам...

Мен депутат болам...

"Мен депутат болам" деп қолдан қауесет таратып жібердім. Сондағы ойым — жұрттың не дейтінін білу.

 

Жұрт әрине, дейді. Дегенде де бетіңе емес, сыртыңнан дейді. Ең әуелі жақын деген досым шок болыпты.

 

— Адам емес екен ғой! — депті кіжініп.

 

— Неге? Досың емес пе? Депутат болса жақсы ғой,.

 

— Қайдағы! Кеше қарызға 5000 сұрағам. Бір тиыным жоқ деп жылап отырған. Бір тиыны жоқ болса, қайдан депутат болады? Кандидаттыққа 350 мың төлеу керек емес пе?

 

Ауылдағы магазинші звандады.

 

— Естіп жатырмыз. Кандидат болыпсың. Енді менен алған қарызыңды төлейтін шығарсың?

 

— Төлейміз ғой. Сайланып алайық та.

 

— Ааа, жақсы.

 

Телефонды өшірдім деп ойлады.

 

— Сайланып алайын дейді. Қарызын төлей алмай жүріп елдің қамын ойламақшы ма? Пішту! — деп сөйлеп жатқанын естіп қойдым.

 

Қайдан естіп қойғанын қайдам, өзінше блогер боп жүретін танысым бар. Сол хабарласыпты.

 

— Менде подписчик көп. Агитацияны жыртамын.

 

— Ооо жақсы ғой. Болды, жыртуды бастай бер.

 

— Бастауын бастаймын ғой. Бірақ 100 мың теңге бересіз.

 

Телефонды өшіре салдым. Қайта звандап еді, блоктап тастадым. Ол да қайтпайды екен, ерінбей үйге іздеп келіпті.

 

— Мәке, пайдаңызды білмейді екенсіз. Шын айтып тұрмын. Мен үгіт жасасам железно сайланасыз.

 

Біраз нәрселер айтты. Тыңдай беріп миым ауырып кетті. Қулыққа көштім.

 

— Жарайды, сен агитация жаса. Сайлана алмай қалсам ше? Саған 100 мыңға босқа күйем бе?

 

— Железно сайланасыз деймін!

 

— Жоқ, әуелі сайланайын, сосын 100 мың берем.

 

Келісе алмадық. Кетерінде менімен қоштасқан да жоқ.

 

Ойланып қалдым. Депутат болмай жатып елден жақсы сөз естіп жатқам жоқ. Болсам не дейді сонда? Әсілі тыныш жүрген.

 

Келіншегім салып ұрып жұмыстан жетіп кетті.

 

— Ойбай-ау, сені депутат боп кеткен дей ме? Мен неге естімедім?

 

— Қайдағы депутат? Сайлауға екі ай бар ғой әлі.

 

— Оныңды білмеймін. Жұмыстағы келіншектер "Байыңның депутат болғанын жу" деп жатыр. Қазір үйге келеді. Солар келеді деп мағазиннен қарызға анау-мынау алдым.

 

Көзім шарасынан шықты.

 

— Қызықсың ба? Әй, менімен ақылдаспайсың ба? Қайдағы депутат? Оның бәрі өсек!

 

Осы кезде келіншегімнің телефоны шырылдады.

 

— Ойбай, мынау үйге келем деп жатқан келіншектердің бірі! Мә, сен айтшы, бәрі өтірік деп...

 

Шырылдап жатқан телефонды маған қарай созды. Шайтан көргендей телефоннан үрке қаштым.

 

— Өзің айтсай, шақырған өзің ғой...

 

Өзім таратқан қауесет өзіме бәле болды. Бәрібір елден дені дұрыс сөз естімедім. Ендігәрі бүйтпеспін...

 

 

 

Мықтыбек Оразтайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста