Қазақ солдаты

240 әскери қызметкер баспаналы болды

  • 240 әскери қызметкер баспаналы болды

    240 әскери қызметкер баспаналы болды

Әскери қызметкер ең алдымен өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауды, қолбасшының әр бұйрығын бұлжытпай орындауды, ел іргесінің бұзылмауын ойлайды. Сондықтан да ол өзінің жеке басындағы әлеуметтік мәселемен айналысуға уақыты да, мүмкіндігі де жоқ.


Оны бар қажетпен қамтамасыз ету мемлекеттің, қоғамның міндеті. Міне сонда ғана елдің қорғаныс қабылеті бүгінгі күн талаптарына сай болады. Бұл ақиқат. Қазақстан Қарулы Күштерінің басшылығы да бұл ақиқатты сақтауға, әскери қызметкерлердің ең басты панасы да, қажеті де – баспанамен қамтамасыз етуге бар мүмкіндігін жұмсап келеді. Таяуда ғана Ақмола гарнизонындағы 240 әскери қызметшінің отбасылары жаңа қызметтік пәтерлердің кілтін алды.

Бұл салтанат ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Астана қаласы 40-станциясының әскери қалашығында өткізілді. Әскери қызметшілерге арналған екі бес қабатты үйді ҚР Қарулы Күштерінің барлық нысандары құрылысының ұйымдастырылуын жүргізетін «Әскери құрылыс» АҚ бас мердігері салды. Су жаңа пәтерлердің кілтін ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Сұлтан Камалетдинов табыстады. Қоныс аударғандарды құттықтап, сөз сөйлеуі барысында ол «әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау мәселесі ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің ұдайы бақылауында екенін атап өтті». «Бүгін біз жаңа пәтердің кілтіне ие болдық. Менің кеудемді қуаныш сезімі кернеп тұр. Менің ойымша бұл сөзсіз әскери қызмет өткеру үшін жайлылық пен мүмкіндік береді. Бөлмелер кең, жарық, пәтерде барлығы дайын. Жиһаз бен жеке заттарымызды алып келу ғана қалды», - деді салтанатты рәсімде 3-сыныпты сержант Рахат Тұрсынбаев. Әскери қызметшілерді қызмет атқару орындарында сапалы тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету бүгінгі таңда айрықша көңіл бөлінетін Қорғаныс министрлігі қызметі бағыттарының бірі болып табылатынын айта кету қажет.

С. Ақынжанов

 




Көрілген: 233    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 00:03

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30