Қазақ солдаты

Араб әмірліктерімен әскери келісімге келдік

  • Араб әмірліктерімен әскери келісімге келдік

    Араб әмірліктерімен әскери келісімге келдік

Елдің қорғаныс қабылеті мен қауіпсіздігі армиясының қуатымен қатар халықаралық байланыстарға да тығыз байланысты. Таяу көршілермен тығыз әріптестік байланыста болу қауіп-қатердің бетін қайтарады. Міне сондықтан да Қазақстан әскери ведомствосының басшылығы халықаралық байланыстарға терең мағына беріп келеді. Міне, таяуда, Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері арасында алғашқы екіжақты штабтық келіссөз өтті.



Келіссөзге қатысу үшін бригадалық генерал Хамұд Әли Джума Әлшехийдің жетекшілік етуімен Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштерінің әскери делегациясы келді.


Келіссөз шеңберінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың бригадалық генерал Хамұд Әли Джума Әлшехиймен кездесуі өтті. Онда екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында берік стратегиялық серіктестіктің қалыптасуында аталмыш шараның маңыздылығы атап өтілді.



Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. Бұл жоспар екіжақты қарым-қатынастың дамуының әрі қарайғы бағытын айқындайды.


С. Ақынжанов




Көрілген: 210    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 20:07

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30