Қазақ солдаты

«АрМИ» халықаралық ойындары Қазақстанға келіп жетті.

  • «АрМИ» халықаралық ойындары Қазақстанға келіп жетті.

    «АрМИ» халықаралық ойындары Қазақстанға келіп жетті.

 


Әскерилердің халықаралық ойындары «АрМИ» деп аталатынын бұдан бұрын да жазған едік. Бұл ойындар бірнеше елдің территориясында өтеді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Иә, спорттық бәсеке әскер үшін өте қажет. Қарулы күштердің шын қуаты сапта тұрғанда емес, сынға түскенде анық көрінеді. Бейбіт уақытта жауынгерлерді шындап сынға салудың, бәсекенің тезінен өткізудің бір жолы осы Армия ойындары. Өйткені, ойын – жарыс болғанмен, жауынгер өз елінің намысы үшін тартысқа түседі. Сондықтан, Армия ойындарына қатысатындардың ешқайсы да бейжай қала алмайды.



Міне, биылғы Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің 25 жылдығына орай сол Халықаралық «АрМИ» Қазақстан Республикасы аумағында кеше өз жалауын көтерді. Отар» 40-шы әскери базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылығымен 2017 жылғы Армиялық халықаралық ойындардың салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.




Жыл өткен сайын Ойындардың пішіні жетілдіріліп, оған қатысушылардың географиясы да кеңейіп келе жатқанын атап өткен жөн. Бұл елдер арасындағы достастық қарым-қатынастардың нығаю және әскери саладағы ынтымақтастық, сондай-ақ әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық және кәсіби шеберлік деңгейінің арту факторы болып отыр.



«Армиялық халықаралық ойындарды өткізу шынайы жауынгерлік бауырластық пен адами достықтың негізі болып табылады және Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы тарапынан лайықты қолдау тауып келеді. Армиялық ойындар көлемді әлемдік спорттық біріншіліктерден еш айырмасы жоқ, халықаралық ауқымдағы керемет іс-шара. Біз үшін оны ең жоғары деңгейде Қазақстанда өткізу үлкен абырой», - деді ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов.



Армиялық халықаралық ойындардың ашылу бағдарламасына сәйкес, қазақстандық барабаншылар мен домбырашылар және қазіргі заманғы жауынгерлік техниканың («Арлан» бронды-дөңгелекті машиналары, «Т-72 Б» танктері) сүйемелдеуімен ҚР ҚМ әскери оркестрі өнер көрсетті. Десантшылар ротасының орындауында көпшілікке қарумен қол жекпе-жегі ұрысының көрсетілімі ұсынылды. Қазақстан әскерінің жауынгерлік ұшақтары мен тіккұшақтары пилотаждық тобының әуе шоуы армиялық ойындардың ашылуының шарықтау шегі болғанын атап өту керек.



Армиялық халықаралық ойындар шеңберіндегі «Артиллериялық атыс шебері», «Мергендік шебі» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының жарысы» байқаулары Қазақстанда 1-9 тамыз аралығында өтеді. Жарыстарға қатысу үшін елімізге әлемнің 18 елінен 28 команданың құрамында 400-дей әскери қызметші келді. Ойындар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сайты мен «Kazsport» телеарнасынан көрсетілетін болады.


 


С. Ақынжанов 




Көрілген: 724    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.08.2017, 22:29

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз 2017
Ерекше мереке
25 Шілде 2017
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31