Қазақ солдаты

«АрМИ» халықаралық ойындарының жеңімпаздары марапатталды

  • «АрМИ» халықаралық ойындарының жеңімпаздары марапатталды

    «АрМИ» халықаралық ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Жер бетіндегі бірнеше құрылықтағы Қарулы Күштердің командалары сынға түсетін «АрМИ» халықаралық ойындарын әскерилердің Олимпиадасы деп атауға болады. Осы бір айтулы оқиғаның халықаралық әскери қауымдастық арасында дәрежесі жылдан-жылға жоғарылап келеді. Жыл сайын жарыстардың түрі өзгеріп, көбейіп, қатысушылардың да саны өсу үстінде.


Бұл елдер арасындағы достық қарым-қатынастарын ұлғайту мен бекітудің басты қозғаушы күшіне айналды.


Көршілес бірнеше елдің территориясында қатар өткізілген «АрМИ 2017» халықаралық ойындары таяуда ғана мәресіне жетті. Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы жалпыкомандалық есепте Ресей мен Қытайдан кейінгі үшінші орынды жеңіп алды. Қазақстан командасының сапында 350 әскери қызметкер басқа елдердің жауынгерлерімен сынға түсті. Олар 28 жарыс түрінің 17 байқауында бақтарын сынады. Сөйтіп, ең көп сайысқа қатысқан команда болып отыр. Әр елде өткен жарыстарды ұйымдастырушылар мен төрешілер ҚР ҚК жауынгерлерінің дайындығы мен кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. Сөйтіп, біздің әскери құрама 3 алтын, 7 күміс және 5 қола медальға қол жеткізді.


Таяуда ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың басшылығымен Астана қаласында Армия халықаралық ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтау салтанаты болып өтті.


-Біз бүгін Армия халықаралық ойындарының жүлдегерлеріне құрмет көрсетіп жатырмыз,-деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.


– Жауынгерлердің әрқайсысы өзінің мықтылығын көрсетті. Жеңісіміз заңды және оның оңайлықпен келмегеніне әрқайсымыз куә болдық. Қазақстан артиллеристерінің, мергендерінің және ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының жетістігі жеңістің негізін қалады, соны басқа жердегі байқаулар кезінде жауынгерлер жалғастыра білді. Ал, танкистердің танк биатлоны финалындағы ғажап табысы тәуелсіз Қазақстан Отанқорғаушыларының биік әскери дайындығын көрсетеді.


Қазақстан Қорғаныс министрінің бұйрығымен Армия халықаралық ойындарында сәтті өнер көрсетіп, көзге түскен әскери қызметкерлер I және II дәрежелі «Ел қорғаны» , «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқаны үлесі үшін» медальдарымен марапатталып, мерзімінен бұрын әскери шен берілді.


С. Ақынжанов


alashainasy.kz/




Көрілген: 375    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 28.08.2017, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30