Қазақ солдаты

Армияда «сержант» дейтін институт бар

  • Армияда «сержант» дейтін институт бар

    Армияда «сержант» дейтін институт бар

«Сержант» сөзін латыншадан аударғанда «қызметкер» деген мағына береді. Шын мағынасында да ол отан қорғауға және әскердің кәсіби деңгейін өсіруге қызмет ететін жауынгер. Дәл осы армияның кәсібилігін сақтау және арттыру үшін дүниеге келген бұл сержанттар институты. Бұл институттың, әсіресе, Отан қорғау әрбір ер-азаматтың қасиетті борышы деп танитын елдердегі ролі ерекше. Өйткені, кеше ғана мектеп партасынан шыққан бозбаланы әскер іс пен техниканың қыр-сырына баулу үрдісі ең алдымен сержанттар құрамының алғырлығына байланысты. Жас жауынгерді кәсіби шебер деңгейіне жеткізетін сержанттар тәрбиесі екені анық. Сондықтан да армияның кәсіби деңгейін көтеруді мақсат тұтқан әскери ведоство сержанттар институтына айрықша назар аударады. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде сержанттармен жұмыс істейтін арнайы басқарманың болуы соның айғағы.



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Қарулы Күштердің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиын шеңберінде ҚР ҚК Бүкілармиялық сержанттар кеңесінің VI отырысы өтті.

Отырыс ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергенов, Қарулы Күштердің бас сержанты –ҚР ҚК БШ Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы шебер сержант Темірбек Халықовтың жетекшілік етуімен өтті. Іс-шара барысында түрлер мен әскер тектері, Қарулы Күштер бас басқармалары, өңірлік қолбасшылықтардың сержанттарымен күн тәртібі, жауынгерлік даярлық, әскери тәртіпті ұстап тұрудыорындау, сондай-ақ қызметтік жұмысты жоспарлау мәселелерінде сержанттардың жұмысын егжей-тегжейлендіруге бағытталған оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Одан басқа, кеңес отырысында Қарулы Күштері сержанттар құрамының қызмет қорытындысы шығарылды. Сержанттарды даярлау нәтижелері мен жауынгерлік дайындықтың қорытындысы, сержанттар мен сарбаздар арасындағы әскери тәртіптің жай-күйі, кадрлық жұмыстың қорытындысы жасалды. Отырыс қорытындысы бойынша генерал-майор Әділбек Алдабергенов сержанттарға Қорғаныс министрлігі мен Бас штабы басшылығының талаптарын жеткізіп, жаңа 2018 оқу жылына бірқатар нақты тапсырмалар берді.



«2018 оқу жылына арналған «Ұлы Дала әскері – Мәңгілік Ел тірегі» атты Қарулы Күштердің ұранын ескере отырып, сержанттарға жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сабақтарды сапалы өткізуге, сеніп тапсырылған бөлімшеде әскери тәртіптің жоғары деңгейін ұстап тұруға, күн тәртібінің сақталуына қажетті бақылауды жүзеге асыруға және ішкі тәртіпті сақтауға қабілетті кәсіби сержант бейнесін қалыптастыруға күш-жігер салу қажет», - деді генерал.

ҚР ҚК Бүкілармиялық сержанттар кеңесінің VI отырысының төрағасы шебер сержант Темірбек Халықовтың айтуынша, бір жыл ішінде бірнеше көрсеткіштер бойынша Қарулы Күштер түрі, өңірлік қолбасшылық, әскер тегі мен әскери бөлімдердің әрбір сержантының жұмысы бағаланды. Бұл сержанттар мен сарбаздарды дайындау сапасы, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сержанттар құрамымен жасақталу деңгейі және өзге де мәселелер.

Жалпы қызметтік жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің сержанттар құрамы үздік деп танылды.

С. Ақынжанов




Көрілген: 353    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 15.11.2017, 15:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз 2017
    Ерекше мереке
    25 Шілде 2017
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31