Асабалар даярлайтын арнайы курстар ашу керек пе?

Асабалар даярлайтын арнайы курстар ашу керек пе?

Ойшылдықтан тойшылдықты тәуір көретін біздің халқымыз үшін той басқарушының орны бөлек. Жиған-тергенін тойға шашып, аста-төк дастархан жайып, кемінде 200-300 мейман шақырып жасайтын тойының шырайын келтіретін асаба кімге ұнамасын. Алайда кейбір тойға барсаңыз, сөзінің ұйқасы, әзілінің мәні, қалжыңының салмағы жоқ асабаларды көргенде тойдан қарныңыз ашып қайтасыз. Осындайда сауатсыз асабаларды жинап алып оқытса деген де ой келеді. «Алаш айнасы» көпшілікті толғандырған асабаларға арнайы курс ашу мәселесін «ой-көкпардың» талқысына салып көрген еді.     


Ия
Алмат Сақатов,
актер:
– Асабалар даярлайтын арнайы курстар ашу дұрыс деп есептеймін. Өйткені той – бұл үлкен бизнес. Халық жиған-тергенін тойына шашып, асабаға да шама-шарқы жеткенше ақысын төлеуге тырысып жатады. Бірақ өкінішке қарай, кейбір асабалар той иесінің үмітін ақтай бермейді. Қазіргі таңда тойларда халықты күлдірем деп бүлдіріп алып жататын асабалар жиі кездеседі. Асаба этикасы, сөйлеу мәдениеті жетіспей жатады. Халық көп жиналатын той-думандарды шырқ үйіріп, әдемі әзіл, парасатты қалжыңымен қонақтардың да, үй иесінің де көңілін табу үшін асабаға, әрине, ең алдымен дарын керек. Одан бөлек терең білім, тапқырлық, мәдениеттілік аса қажет қасиеттер.
Қазақта не көп, той көп қой. Асабалар қыз ұзату, үйлену, сүндет той, мерейтойларды өз ерекшелігіне сәйкес жүргізе алмай жатады. Барлық тойда жаттанды өлеңдер мен әзілдер айтылып, біркелкі ойындар ойнатылады. Өнер саласы бойынша жоғары оқу орындарында оқыған асабаларды айтпағанда қарапайым асабалар Абайдың немесе Мұқағалидың екі-үш өлеңін жаттап алады, бар білетіні екі-үш анекдот, сонымен той жүргізе береді. Асаба болып жүрген актерлер, әртістер жоғары оқу орындарында сахна шеберлігі, сөйлеу мәдениеті бойынша арнайы білім алғандықтан аса қинала қоймайды. Алайда қазіргі кезде басқа мамандық иелерінің арасында да асабалар бар ғой. Сондай асабалық  қабілеті бар, бірақ білімі, мәдениеті жетіспей жататын азаматтарға арналған курстар ашылып жатса, әрине, мен оны қолдар едім. Мұндай курстарды бәлкім, жоғары оқу орындарының жанынан ашылар, мүмкін, кейбір еті тірі азаматтарымыз ашар. Әйтеуір, меніңше, осындай курстарға  қатысушылар да табылады, дәріс берушілер де кетәрі болмайды деп ойлаймын. 


Жоқ
Бейбіт Сарыбай,
ақын, жазушы:
– Асабаларды даярлайтын арнайы курс ашудың мүлде керегі жоқ. Бізде небір дарынды асабалар жетіп артылады. Айталық асабалық етіп жүрген актер Бекжан Тұрыстың өзі неге тұрады?! Бүгінде ақын да, актер де, тіпті заңгер де асабалықпен айналысып жүр. Әрқайсысыныцң өз ерекшелігі бар. Мысалы, Орынбасар деген асаба жігіттің негізгі мамандығы заңгер, бірақ асабалығы ешкімнен кем емес. Меніңше, асабалардың бәрін жинап алып оқытқаннан түк шықпайды. Тіпті сол асаба курсын бітіріп шыққан соң да дарынды асаба дарынды күйінде, сауатсыз асаба сауатсыз күйінде қала береді. Өйткені асабалық өнері оқумен, үйретумен келетін дүние емес. Адам өз қарым-қабілетіне, дарынына, интеллектісіне, сөз саптау шеберлігіне орай асабалық етеді. Ал мәдениеттілік тек қана асабаға ғана емес, кез келген адамға қажетті қасиет. Қандайда бір ортада өзін мәдениетті ұстау, сауатты сөйлеуді асабаға ғана емес, кез келген адамға бала жасынан сіңіру керек.
Меніңше, әр асаба өзіне қатысты айтқан сынды дұрыс қабылдап, мінін түзете білгені жөн. Оқу-тоқу, ізденіс, қоғамдағы түрлі құбылыстарға қатысты ой айта білу асабаға артықтық етпейді, әрине, ал қалғаны тәжірибемен бірте-бірте түзеледі.  Бірақ арнайы курс ашып әуре болудың қажеттілігі аз. Өйткені қазіргі асабалардың барлығында дерлік негізгі мамандықтары, білімдері бар талантты азаматтар. Ал бүгінде көп сыналатын дарынсыз, сауатсыз асабалар оқып-тоқып, тамаша тамадаға айналады дегенге сенбеймін.

Түйін
Сөздің киесін түсінбей жүйесін бұзатын асабаға тойыңыздың тізгінін сеніп тапсырсаңыз, бетіңізден отыңыз шығып қонақтарыңыздан әбден ұялып қалуыңыз мүмкін. Келіннің бетін ашып тұрып табақтағы ақшаны ойлап берекесі қашатын, қонақтарға алдырам деп жүріп өзі тәлтіректеп қалатын асабадан сақтаныңыз, ағайын. Ақшадан арды жоғары қоятын нар жігіттер асаба болсын десек, қашанда таңдауымызды талғамның таразысына салайық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста