Қазақ солдаты

Әскер басшылығының «соғыс» ойыны

  • Әскер басшылығының «соғыс» ойыны

    Әскер басшылығының «соғыс» ойыны

Армия басшылығы да «ойын» ойнайды. Олардікі кәдімгі «соғыс» ойыны. Сол арқылы тактикалық әдістемелер жасайды, тың жоспар құрады, жаңалықтармен танысады. Яғни, бұл интеллектуалды ойын, ұтқыр ой мен тапқырлық жарысы. Ықтимал «дұшпанның» ой-мақсатын әшкерелеу, соған қарсы ұтымды қимыл жасау. Онсыз болмайды. «Соғыс» ойыны – Армияны жеңіске жеткізудің тактикалық жоспары.




Міне таяуда ҚР Қарулы Күштерінің басшылық құрамы кезекті командалық-штабтық әскери ойын өткізді. Оқу-әдістемелік жиын шеңберінде ағымдағы жылғы қарашаның 8-і мен 9-ы аралығында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің жетекшілік етуімен Ұлттық қорғаныс университетінің базасында ҚР Қарулы Күштерінің басшылық құрамымен «Операцияларды ұйымдастыру жөнінде әскери басқару органдарының жауынгерлік жұмысы» тақырыбында екіжақты командалық-штабтық әскери ойын жүргізілді.



Командалық-штабтық әскери ойын қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде әскери басқару органдарының іс-қимыл алгоритмін пысықтау, әртүрлі стратегиялық бағыттарда әскери іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру барысында генералдар мен офицерлердің кәсіби деңгейін тексеру мақсатында өткізіледі.

Әскери ойын барысында әртүрлі қарқындылықтағы жанжалдарда олардың жауынгерлік тапсырмаларды орындауы кезінде жедел және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерін ұйымдастыру мәселелерін пысықтау жоспарлануда.



Екіжақты командалық-штабтық әскери ойынның мақсатына қол жеткізілді. Қабылданған шешімдердің талдауы және олардың дәлелдемесінің бағалануы жүргізілді.


С. Ақынжанов




Көрілген: 274    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 10.11.2017, 12:20

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30