Қазақ солдаты

"Әскерде нашар сарбаз жоқ, "косячный" офицер ғана болады" - Аңызға айналған "қара майор"

  • "Әскерде нашар сарбаз жоқ, "косячный" офицер ғана болады" - Аңызға айналған "қара майор"

Алматыда "қара майор" лақап атымен танылған Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың 70 жылдығы атап өтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мереке кезінде аңызға айналған тұлға сөз сөйледі.


"Қымбатты курсанттар! Сіздер отан қорғауды үйреніп жатырсыздар. Бір нәрсені есте сақтаңыздар: әскери жолды таңдаған екенсіздер, осыны түйіп алыңыздар. Офицерлерге: әскерде нашар сарбаз жоқ. "косячный" офицерлер ғана болады. (...) Мені офицер ретінде дайындаған Алматы училищесінің жетекшілігіне алғыс білдіремін. Ал өзім қарамағымдағыларды барлауға көбірек үйреттім. Жүгіріп, атысуға көп мүмкіндік болмады. Менің басты міндетім - оларды операцияға ертіп апарып, үйлеріне тірі қайтару. Екі жыл екі айда мен 45 адамды жоғалттым. Соғыз құрбансыз болмайды", - дейді ол.


Борис Керімбаевқа "қара майор" лақап аты екінші "мұсылман" батальонының командирі болған кезде таңылды. Ол Қазақстанның Қарулы күштерінің аңызы және Ауған соғысының ең даңқты ардагері.


Борис Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Прудки ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Ташкенттегі Ленин атындағы жоғары қолбасшылық училищесіне түсіп, оны аяқтаған соң 1970 жылы Германиядағы кеңестік әскер тобына жіберіледі. 1973 жылы барлау ротасының командирі болады. 1977 жылы штаб басшысының орынбасары, ал кейінірек Теміртаудағы 52 857 әскери бөліміндегі мотоатқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. 1980 жылы Эфиопияға аттанады. Ал 1981 жылы (ГРУ-ға қарасты) 22 (АЖБО) негізіндегі 177 бөлек арнайы жасақ отрядының командирі болып тағайындалады. Керімбаевтың тағдырына әсер еткен дәл осы тағайындау еді.


Керімбаев басшылық еткен сарбаздар азиялықтардан (қазақ, қырғыз, өзбек және тәжіктерден) құралғандықтан "мұсылман" батальоны атанып кеткен.


1981 жылы 177-ші отрядының әскери және саяси дайындығын тексеру үшін Ауғанстанға жіберіледі. "Мұсылман" батальонының алғашқы орналасқан жері Фарьяб аймағындағы Меймене қаласы еді. 1982 жылы Дарзоб елді мекенінде барлау-іздеу рейдтерін орындап отырды. Осы жылдың мамырында кеңес әскерінен енді босаған Панджер шатқалына орналасу туралы бұйрық алады. Бұл шатқалды 30 күн ұстап тұру керек болатын.


Борис Керімбаев 500 сарбазбен дала командирі Ахмад Шах Масудтың саны көп тобына қарсы тұра алмасы анық болатын. Шатқалдан шыға берісте белгілі Саланг - "Кабул алқымы" асуы басталады, ал оның бойымен Хайратон - Кабул тасжолы өтіп жатыр. Дәл осы жолмен КСРО автоколоналары Ауғаныстанға әскери және азаматтық мақсаттағы жүктерін жеткізетін.


Борис Керімбаевтың сөзінше, ашық айқастан қашып, тұзақ құрып, күтпеген шабуылдар жасауға, моджахеттерді бір-бірімен қақытығыстырып қою әрекетіне көшкен 177-ші отрядының сарбаздары ғайыптан пайда болып, қайта жоқ болып кетуді меңгерді. Бұл тәсіл аман қалудың жалғыз жолы еді.


Айтылған 30 тәулік орнына "қара майор" Панджер шатқалын бір жыл бойы бақылап тұрды. Осы уақытта Керімбаев 50-дей адамды жоғалтты, оның ішінде төртеуі - офицер. Осы кезде Ахмад Шах Масуд айлаға көшіп, "Пандшер патшасы" атанып үлгерген Керімбаевтың басы үшін миллион доллар тікті. Дегенмен бұл да көмектеспеді. Маджахеттер ақыры 40-шы әскер басшылығымен бітімге келіп, жеңілістерін мойындады.


1989 жылы отряд Ауғанстаннан ақырғы болып шықты.


Борис Керімбаев басшылық еткен 177-ші отряд сапында генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов, генерал-майор Мұқан Естайұлы Дүйсекеев сияқты болашақ қорғаныс министрлері де болған. 




Көрілген: 1702    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 21:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз 2017
    Ерекше мереке
    25 Шілде 2017
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31