Қазақ солдаты

Әскердің басты қаруы – білім

  • Әскердің басты қаруы – білім

    Әскердің басты қаруы – білім

Технологиялық үдерістің дамуы мен халықаралық тенденциялар барлық салаға өзгеріс әкеліп отыр. Әсіресе технологиялық жетістіктерге арқа сүйейтін әскер саласында өзгеріс көп. Бұрын тұтас бір дивизияның күшімен шешілетін мәселе қазір бір техникалық құралдың дәлдігімен орындалуы мүмкін. Яғни, бұйрық беру тәсілінен бастап оның орындалуына дейінгі дүниелердің барлығы да өзгеріп келеді. Бұл әскер басшылығына да жаңа талап қоюға жеткізіп отыр. Техникалық үдерістен кем қалған қолбасшының қазір майдан даласында жеңіске жетуі неғайбыл. Сондықтан да еліміздің бас әскери ведомствосы әскери басшылықтың білімін жетілдіруге маңыз беріп отыр. Ағымдағы жылғы қарашаның 8-і мен 10-ы аралығында Астанада ҚР Қарулы Күштерінің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиын өтуде. Жиын шеңберінде ҚР ҚК-нің командалық құрамымен әскери-ғылыми конференция, командалық-штабтық әскери ойын өткізу, ҚР Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген әскери алқа отырысында 2017 оқу жылының қызметін қорытындылау жоспарлануда.



Оқу-әдістемелік жиынның мақсаты 2017 оқу жылында Қарулы Күштердің қойған тапсырмаларының орындалуын және олардың жауынгерлік және жауынгерлік әзірлікте қол жеткізген деңгейіне шынайы баға беру болып табылады.

Оқу-әдістемелік жиын аясында Бас штабымен жедел тапсырманы шешу арқылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары командалық құрамының білімі мен деңгейін тексеру жүргізілді.



Оқу-әдістемелік сабақтар Қорғаныс министрінің орынбасарлары және жетекшілік ететін ҚР ҚК Бас штабы бастығы орынбасарларының басшылық етуімен өтуде. Сабақтар алдын ала бөлінген топтар бойынша Қорғаныс министрлігінің бірнеше объектілерінде өткізіліп жатқанын айта кеткен жөн.

Әскери-ғылыми конференцияда шетел мемлекеттері қарулы күштерінің құрылуы мен дамуында негізгі үрдісті, заманауи әскери қақтығыстардың сипаты мен мазмұнының өзгеруін талқылау жоспарда бар.



Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмаларын шешуге әскери басқару органдарының әзірлігін бағалау үшін Қарулы Күштері түрлері бас қолбасшыларының, өңірлік қолбасшылық әскерлері мен әскер тектері қолбасшыларының басқармаларымен «Операцияларды ұйымдастыру жөніндегі әскери басқару органдарының жауынгерлік жұмысы» тақырыбында командалық-штабтық әскери ойын өткізіледі.

Оқу-әдістемелік жиын Қорғаныс министрінің жетекшілік етуімен кеңейтілген әскери алқа мәжілісімен аяқталады. Онда 2017 оқу жылындағы Қарулы Күштер қызметінің қорытындысы шығарылып, 2018 оқу жылына арналған тапсырмалар қойылады.




С. Ақынжанов




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.11.2017, 20:21

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз 2017
Ерекше мереке
25 Шілде 2017
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31