Қазақ солдаты

«Әскери достастық -2017» басталды

  • © Patrul.kz

    © Patrul.kz

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері әуе кеңістігін бірлесіп қорғайды. Әуе кеңістігін әскери бақылау олардан амал-әдістер мен тәжірибесін бөлісіп отыруды талап етеді.


Әсіресе, Әскери Әуе күштерінің әдістемесімен бөлісіп отыру қажет-ақ. Өйткені, әлдеқандай жағдай бола қалса, бір-бірін түсінбей кикілжіңге ұрынып қалу оңай. ТМД елдері арасындағы «Әскери достастық» жаттығуы әуе қорғаныс күштерінің іс-қимылын үйлестіруге арналған. Достастық елдерінің әскери әуе күштері бір-бірінің мүмкіндіктері мен әдіс-тәсілдерін жақсы білуі үшін жаттығу құралдардан кәдімгі әскери атыс түрінде өткізіледі. Бұл айтулы оқиға бұл күндері «Сарышаған» полигонында өтіп жатыр.


Қазір Сарышаған аймағы ұрыс лагеріне айналған. С-300, С-200, С-125, С-75 зениттік зымыран кешендер жүйесін ұрысқа дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Жаттығу өтетін аймаққа әскери әуе күштері мен әскери авиация шоғырлану мен орнығу үстінде. Енді олардың әскери қимылдары жоспарланады. Осы жаттығу барысында әскери құрам әуе дұшпанын ерте анықтау мәселесіне машықтанады. Сонымен қатар жер бетіндегі және әуедегі нысаналарды әскери қарудан ату арқылы жойып жіберуді тәжірибеден өткізеді.


«Әскери достастық» бірлескен жаттығулары осы жылдың 22-қыркүйегіне дейін жалғасады.


alashainasy.kz/

 




Көрілген: 409    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 28.08.2017, 11:15

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30