Әскери қызметкер қанша жалақы алады?

Әскери қызметкер қанша жалақы алады?

Әскери қызметкер отан қорғау рухымен өмір сүретіні рас. Сондықтан олардың әлеуметтік жағдайын жоғары деңгейде ұстау – мемлекеттің міндеті. Бұл ешкім жоққа шығара алмайтын ақиқат. «Өз әскерін асырай алмаған ел басқаның армиясын асырауға мәжбүр болады» деген ұғым бар. Қорғаныс қабылетін жоғары деңгейде ұстауды мақсат тұтатын әрбір ел ұстанатын қағида осы.
Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметшілердің ең төменгі жалақысы қанша екенін айтты. ҚР Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің бастығы Қайрат Көпбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында қазақстандық әскери қызметшілердің жалақысы өсе беретінін жеткізді. «Бүгінгі таңда офицерлерді марапаттау еселеп артты. Әскери қызметшілердің ақшалай қаражаттары 25%-ке көбейді. Қазір біздің офицерлер алатын ең төменгі жалақы 170 мың теңге, ал келісімшарт бойынша қызмет өткеретіндер 100 мың теңге алады. Бұрын жалақы айтарлықтай аз болатын», - деп мәлімдеді әділет полковнигі Қайрат Көпбаев. Департамент басшысы жалақысы көбейгеннен кейін қазақстандық әскери қызметшілердің қызметті өткеруге деген ынтасы арта түскенін тілге тиек етіп, армияға барғысы келетіндердің саны жыл сайын 30 - 35%-ке артып келе жатқанын айтты. «Қазір армияда қызмет ету - абыройлы іс. Сондықтан да кандидаттарды іріктеу талаптарын қатаңдатамыз. Кандидаттардың психофизиологиялық күйіне ерекше мән беріледі», - деді Қайрат Көпбаев.

С. Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста