Қазақ солдаты

Астанада Индия әскери өнерінің аудиториясы ашылды

  • Астанада Индия әскери өнерінің аудиториясы ашылды

    Астанада Индия әскери өнерінің аудиториясы ашылды

Әскери іс те өнер. Өнердің үлкені ол. Өйткені мемлекеттің мақтанышы көбіне жеңістерден тұрады. Сол себепті де әскери дипломатия өзге елдердің әскери өнеріне құрметпен қарауды үйретеді. Одан біз де құралақан емеспіз. Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қытай Халық Республикасының, АҚШ және Түркия Республикаларының аудиториясы ашылғанды-ды. Енді, міне, Индия Қарулы Күштері әскери өнерінің аудиториясы салтанатты түрде ашылып отыр.



Әскери өнер аудиториясын ашу құрметі Индия Қарулы күштері Құрылық әскерлерінің Бас қолбасшысы Бипин Рават пен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровқа тиді.



Аудитория заманауи мультимедиялық кешенмен және бағдарламалармен жабдықталған. Оқу процесін жаңаша ұйымдастыруға барлық мүмкіндік қарастырылған. Сондықтан оны тыңдаушыларға да, ұстаздарға да әсерлі де қызықты етіп өткізуге болады.



«Индия қарулы күштері әскери өнерінің аудиториясы халықаралық семинарлар, тренингтер, дөңгелек столдар, лекциялар мен келіссөздер өткізуге арналған алаңқай болайын деп тұр. Мұндай аудиторияның ашылуы біздің қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты әскери әріптестікті бекіте түсетін қадам деп санаймыз»,-деді өз сөзінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров.


С. Ақынжанов




Көрілген: 372    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 09.08.2017, 16:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30