Қазақ солдаты

Астанада «Ұлы дала: әскери мұра» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

  • Астанада «Ұлы дала: әскери мұра» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

    Астанада «Ұлы дала: әскери мұра» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамды сананы жаңғырту» мақаласы аясында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Алаш Орданың 100 жылдығына орайластырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов, танымал отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әскери тарихы, ғылым мен білімді дамыту жолдары мен келешегі, аталмыш салада бірлескен ғылыми зерттеулерді жетілдіру мәселелерін талқылау болды. «Бүгінгі конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтті.



Алаш Орданың 100 жылдығы мен тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығына арналған және ұрпақ сабақтастығындағы алар орны орасан зор. Алаш қайраткерлері өздерінің өмірлерін егеменді мемлекетті құру ісіне сарп етті, ал Алаш қозғалысы – бұл халыққа қызмет етудің жарқын үлгісі. Бүгінде олардың армандары орындалды.



Қазақстанның әскери қызметшілері өздерінің өмірлерін Отанға қызмет етуге сарп еткен. Қазақ халқының ұлы балаларының ізбасарлары болып табылады. Мұндай конференциялар ұрпақтар арасындағы байланыстың үздіксіздігі үшін қажет. Себебі, жас ұрпақ өзінің тарихын терең біліп, зерделейді», - деп ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов атап өтті.


Конференция барысында саяси ғылымдардың кандидаты, алаштанушы, «Қасиетті Қазақстан» өлкетану зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлының «Алаш әскері», Ақ әскер құрамындағы қазақ бөліктері (1918-1920 жж.), тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тұрғанбек Алланиязовтың «Қазақстан көшпенділерінің әскери ісі: зерделеу тәжірибесі мен мәселелері», өлкетанушы, қолөнер шебері Шөптібай Байділдиннің «Кейкі батыр» атты кітаптарының тұсаукесері өткізілді.


Алаш айнасы  




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.12.2017, 18:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз 2017
    Ерекше мереке
    25 Шілде 2017
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30