Қазақ солдаты

Астанадағы жас жауынгерлер ант қабылдады

  • Астанадағы жас жауынгерлер ант қабылдады

    Астанадағы жас жауынгерлер ант қабылдады

Астана, Қызылорда және Солтүстік-Қазақстан облысынан келген екі жүзден аса жас жауынгер бейімдеу кезеңінен өткен соң Отанға адалдық жөнінде ант қабылдады. Бұл салтанатқа Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, әскери бөлім командирлері, және қысқа мерзімді әскери қызметкерлердің туған-туыстары арнайы шақырылды. Әскер қатарына жаңа келген жас толқын әскери тудың қасында автоматын кеудесіне қысып қаздиып тұрып, Отанға адалдық жөнінде ант қабылдады. Енді бір жыл бойы әскери өмірдің әліппесімен терең танысады. Бұл уақыт ішінде олар мотоатқыштар және артиллерия мамандықтарын игереді.





Мәселен Александр Тараканов Қызылжардың тумасы. Әскерге шақырылғанға дейін жергілікті теміржол колледжінде «техник-программист» мамандығы бойынша оқыған. «Мен өзімнің әскери қызметтерімнің әскери қызмет барысында абыройына дақ түсірмей, өз міндеттерін адал атқаруын тілеймін»,- дейді жас жауынгер.

Жалпы, «Астана» аймақтық басшылығына қарасты әскери бөлімдердің жеке құрамдары оқу-әскери жұмыстарын жандандырып, әскери дайындық пен әскери тәртіпті жетілдіріп келеді.

«Жас жауынгерлер алдағы бір жыл ішінде әскери қызметті қажет деңгейде меңгеру үшін офицерлер мен келісім-шарт бойынша істейтін әскери қызметкерлер барлық күш-жігерін аямайды. Өйткені олар- қарудан оқ атуды, әскери көлікті жүргізуді үйренуі керек, әскери және күш-қуат дайындығы бойынша белгілі межені бағындыруы тиіс»,- деп атап өтті 31775 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс бойынша орынбасары подполковник Алтай Тәшкеев.



Ант беру рәсімі аяқталған соң аймақ басшылығы әскери бөлімдерінің командирлері жауынгерлердің ата-аналарымен әңгіме өткізді. Олардың сұрақтарына жауап беріп, әскери қызметкерлердің жатын орнымен, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен таныстырды, казарма, асхана, спорт залдары мен оқу сыныптарын көрсетті.

С. Ақынжанов




Көрілген: 2024    Пікірлер: 0

жұма, 17.11.2017, 07:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз 2017
    Ерекше мереке
    25 Шілде 2017
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31