Қазақ солдаты

Авиация маманы болатындар, қайдасыңдар?!

  • Авиация маманы болатындар, қайдасыңдар?!

    Авиация маманы болатындар, қайдасыңдар?!

Кеңес Одағының екі дүркін батыры Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты жас түлектерге есігін айқара ашты. Әскери институт осы оқу орнында білім алуға үміткерлерді електен өткізеді.

Үміткерлерді іріктеу бірнеше кезең бойынша жүргізіледі. Алдымен олар тұрған жеріндегі әскери басқарманың жергілікті органдарында дәрігерлік тексеруден өтуге тиіс. Ал одан кейінгі тексеру кезеңдері: алдын-ала дәрігерлік куәландыру, алдын-ала кәсіби-психологиялық іріктеу, күш-қуат әзірлігін тексеру, шешуші медкуәландыру, шешуші кәсіби-психологиялық іріктеу, іріктеу байқауы және үміткерлер қатарына қосу институттың өзінде өткізіледі.




Әскери институт авиация мамандарын екі бағытта дайындайды. Олар: ұшатын және инженерлік-техникалық құрам. Ұшатын авиация мамандарын: әуе кемелерін / ұшақтарды/ пайдалану, әуе кемелерін /тікұшақтарды/ пайдалау, әуе кемелерін /жүк ұшақтарды/ пайдалану, әуе кемелерінің ұшу білімі, авиациядағы ұшуларды басқару мамандықтары бойынша дайындайды.

Ал, инженерлік-техникалық құрам мынадай мамандықтардан тұрады: әуе кемесі мен двигательдерін пайдалану, әуе кемелері жүйелерін кіріктіру, авиация қондырғыларын техникалық пайдалану мен авиация радиоэлектрондық құралдарын техникалық пайдалану.




Оқу орнын бітірушілерге «лейтенант» офицерлік шені мен жоғары оқу орнын бітіргенін әйгілеу үлгісіндегі диплом беріледі.

Әскери институтқа түсетін үміткерлерді қабылдау комиссиясы 2017-жылдың 20-тамызына дейін жұмыс істейді.



С. Ақынжанов

 




Көрілген: 392    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 30.07.2017, 13:38

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30