Қазақ солдаты

Азаматтар құқығы әлемдік стандарттарға сай қорғалуда

  • Азаматтар құқығы әлемдік стандарттарға сай қорғалуда

    Азаматтар құқығы әлемдік стандарттарға сай қорғалуда

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні!


Конституция – ел заңдарының бастауы. Көп ғасырлық тарихы бар, құқықтық, егеменді ел үшін Ата заңнан ұлық ештеңе жоқ. Конституция осы ұлан-ғайыр жері бар, демократия, сөз бостандығын ту еткен ел үшін азаматтардың құқығын қорғайтын бірден-бір құжат. Оның тарихын бүгінде кез келген қазақстандық жатқа біледі. Замана талабына сай оның өзгерістер мен толықтыруларға ұшырау жолдары да бүкіл қазақстандықтардың көз алдында. Жаһандық үрдіс, өркениетке ұмтылыс мемлекеттік билік алдына жаңа талаптар мен міндеттерді қойды. Ол азаматтардың құқықтарының әлемдік стандарттарға сай қорғалуы, ол сөз бостандығы мен демократиялық құндылықтар болатын. Осы мәселеде Қазақстан бүгінде көшбасшы елге айналды.

Мемлекеттің тұрақты дамуы мен елді басқару тетіктерінің ашықтық пен қолжетімділікке қарай ойысуы да Қазақстанның әлемдік аренадағы мәртебесін асқақтата түсті. Біздің Конституция ел дамуының демократия­лық жолын қамтамасыз ететін құжат ретінде жоғары  бағаланды. Адам мен адамзат қатынастарының принциптері мен нормаларын халықаралық стандарттарға сай бекітіп, елдің тыныштығы мен бейбіт өмірін қамтамасыз ету кез келген ел билігінің қолынан келе бермейтін іс екенін бүгінгі тарих дәлелдеп отыр. Ата заң «жеке тұлға – отбасы – меншік қатынастары – халық – егемендік – халықаралық құқықтық тәртіп» мәселелерінің бәрін өз бойына тоғыстырған. Аталмыш құжат аясында Қазақстан азаматтары тегін білім, медициналық көмек, тегін заң кеңестерін алу мүмкіндігіне ие. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары «мемлекеттің ең қымбат қазынасы» екенін мойындайды.

Қазақстан халқы Конституцияны сыйлау, салық төлеу, Отанды қорғау, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау, табиғат байлықтарына ұқыпты қарау секілді мәселелердің міндетті шаруа екендігін жақсы түсінеді. Мемлекеттік қызметтің сапасы жақсарып, азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы өзара ықпалдастық нығайды. Қарапайым халық соттың ашықтығына қол жеткізді. Бұның бәрі Қазақстан Рес­публикасының Конституциясының пәрменділігін, халыққа жақындығын, азаматтардың құқықтарының заңмен қорғалғанын көрсетеді. Ата заңның айбыны бұдан әрі де арта беретіні анық. Өйткені, бүгінгі жаңа заманның талаптары тек қана адамның шешуші фактор екендігін, оның бүкіл қызығушылықтары мен құқықтарының қорғалатынын дәлелдеп берді.

Э.АСУБАЕВА




Көрілген: 378    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 29.08.2017, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30