Қазақ солдаты

«Бас» ұландар мен «жас ұландар» кездесті

  • «Бас» ұландар мен «жас ұландар» кездесті

    «Бас» ұландар мен «жас ұландар» кездесті

Спорт мен армия егіз ұғым. Отан қорғаушылардың рухы биік болу керек. Сонымен қатар олар күш-қуаты толысқан, алысқанын алып та, шалып та жығатын мықты болуы тиіс. Әскери қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыруда спорттық шараларға жіті назар аударылатыны сондықтан. Республикадағы «Жас ұлан» мектептері сол себепті де есімін әлем білетін спортшылармен жиі кездесу өткізіп тұрады.


Шымкент қаласындағы Сабыр Рақымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов және 2017 жылғы бокстан әлем чемпионы Қайрат Ерәлиевпен кездесті.


Аталмыш шараның мақсаты өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстануға баулуға, қазақстандық спорт тарихына деген қызығушылықтарын арттыруға, аға буынның үлгісі ретінде тәрбиеленушілерге әр адамның өмірінде спортпен шұғылданудың маңыздылығын көрсету болып табылады.



Кездесу барысында қонақтардың әрқайсысы спорттық қалыптасудағы өздерінің жолдары, бокстағы жетістіктері туралы айтып берді. Болашаққа құрған жоспарларымен бөлісіп, тәрбиеленушілердің біршама сұрақтарына жауап берді. Спорттық додаларда ғана емес, сонымен бірге өзге де жағдайларда жеңіске деген ұмтылыс, өз-өзіне және өзінің күшіне сену басты алғышарт болды. Әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев мектеп мұражайына жеке қолтаңбасы бар боксшының қолғабын сыйға тартты.


«Біреулер үшін спорт өзін жақсы дене бітімінде ұстаудың амалы, ал бәзбіреу спортпен әуестенуді адамс енгісіз жеңістер мен жетістіктер легіне айналдыруға қабілетті. Жанкүйерлермен өткізілетін мұндай кездесулер тәрбиеленушілеріміз үшін өте маңызды. Бәлкім, олардың араларында еліміздің атын шығаратын болашақ әлем чемпиондары өсіп келе жатқан шығар», - деді меймандарға қызықты кездесулері үшін алғысын білдірген мектеп директоры полковник Ғазиз Төлеуішев.


С. Ақынжанов




Көрілген: 225    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 07.11.2017, 20:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30