Қазақ солдаты

Болашақ нағыз қазақ жауынгерін әскери-патриоттық клубтан ізде

  • Болашақ нағыз қазақ жауынгерін әскери-патриоттық клубтан ізде

    Болашақ нағыз қазақ жауынгерін әскери-патриоттық клубтан ізде

Жасөспірімдер арасында ерлік пен өрлік рухын, ата-бабаның ерлік дәстүрін насихаттайтын әскери-патриоттық клубтар баршылық. Ашығын айтар болсақ, Қарақстан Қарулы Күштерінің айбынды бейнесін қалыптастыруға сол клубтардың жасап отырған жұмыстары аз емес. Жауынгердің қабылеті сынға түскенде көрінеді. Сол сияқты әскери-патриоттық клутар арасында да өзіндік бәсеке бар. Олар да үздік болуға таласады. Үздікті айқындауға Қазақстан Қарулы Күштері де қарсы емес. Жауынгерлердің даңқты жорық жолын жалғастыратын мұрагерлердің ішінде қайсы мықты екенін білгеннің несі айып? Таяуда ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы үздік әскери-патриоттық клубты айқындады.


Алматы қаласы мен Панфилов кентіндегі ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталықтары базасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 70-тен аса оқушы әскери-қолданбалы жүзу, әскерилендірілген кросс және оқ атудан сайысқа түсті.



Жалпы командалық есепте Семей қаласы әскери-патриоттық клубының құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды Алматы облысының құрамасы, үшінші орынды Қостанай қаласы құрама командасының тәрбиеленушілері жеңіп алды.


«Барлық қарсыластар мықты болды. Балалардың спортпен жете айналысатыны көрініп тұр. Бірінші орынды иелену үшін құрама командамыз барлық күш-жігерін салды. Жаттығу барысында жинақтайтын шеберліктеріміз бен дағдыларымызды паш ету мүмкіндік беріп отырған осы ойындардың ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіргім келеді», - деп Семей қаласы әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Талғат Бейсенбаев өз ойымен бөлісті.



Қазіргі уақытта тоғыз әскери гарнизонда әскери қызметшілердің балаларына арналған тегін секциялар жұмыс жасайды. Онда 6 мен 16 жас аралығындағы балалар қазақ күресі, үстел теннисі, армиялық қоян-қолтық ұрыс және спорттың көптеген өзге де түрлерімен кәсіби тұрғыда шұғылдана алады.


Әскери-патриоттық клубтардың жұмысын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштерде әскери қызмет етуге дайындау, әскери қызмет өткеру кезінде оларға қажетті машық пен шеберлікті қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, дене тұрғысында жетілдіру, жастардың әскери-қолданбалы және техникалық дайындығы әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіруде Қарулы Күштер қызметінің маңызды құрамдасының бірі болып табылатынын айта кету қажет.


С.Ақынжанов




Көрілген: 243    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 07.11.2017, 19:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30