Қазақ солдаты

Бірлескен жаттығу: НАТО өкілдері «Қазбатқа» риза

  • Бірлескен жаттығу: НАТО өкілдері «Қазбатқа» риза

    Бірлескен жаттығу: НАТО өкілдері «Қазбатқа» риза

Алматы маңындағы «Іле» полигонында НАТО мүшелері мен Қазақстан жауынгерлері иық тіресе «күресті». Олар заманауи технологиямен жарақтанған ұрыс операцияларын бірлесіп өткізді. Пәлі, алыстағы НАТО мүшелері Қазақстанда не іздеп жүр? Мәселе сонда: жер бетіндегі қауіпсіздік – баршаға ортақ іс. Бітімгершілік күштері сондықтан да құрылады. Қазақстан сол халықаралық бітімгершілік күштеріне үлес қосып келеді.




Қазақстанда «Дала қыраны» деп аталатын оқу-жаттығу дайындығы бар. Ол 2003 жылдан бері өткізіліп жүр. Ал, 2012 жылдан бастап бұл жаттығу Біріккен Ұлттар Ұйымы мен НАТОның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасының аясында өткізіле бастады. Оның мақсаты: бейбітшілікті сақтау мен дағдарыс кезінде қимыл жасауға әзір болу, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен НАТО өткізетін операцияларға қатысуға дайындық және Альянстың күш, құралдарымен тығыз байланысты реттеу. Дайындықтың екінші кезеңінің ерекшелігі: «Казбриг» басшылығының жетекшілігі мен штаб дайындығы және алты шет ел штаб офицерлерінің қатысуымен жасалған бітімгершілік операциясының сценариі бойынша компьютерде өткізілді. «Дала қыранына» қатысушы елдердің әскери-дипломатия корпусының жетекшілері, АҚШ, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Түркия , Тәжікстан және Қырғыз Республикалары Қарулы Күштерінің сарапшылары мен өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Міне, осы оқу-жаттығу дайындығы аяқталды. «Іле» полигонында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басқаруымен өткен «Дала қыраны-2017» халықаралық бітімгершілік тактикалық-арнайы дайындығының салтанатты жабылуы болып өтті.




«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне жолдауында, Қазақстанның БҰҰ бітімгерлік жүйесін жетілдіре беруін қолдайтынын және Ұйымның бейбітшілік жолындағы қызметтерінде өзінің әскери бақылаушылары мен бітімгерлер санын көбейте беретінін атап өткен болатын. Сол себепті де «Дала қыраны» жаттығуы шешуші роль атқаратын біздің бірлескен бітімгершілік дайындығын одан әрі жүргізе беретін боламыз»,-деп атап өтті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жаттығуға қатысушылар алдындағы сөйлеген сөзінде. Сонымен қатар әскери ведоство басшысы «Дала қыраны» халықаралық тактикалық-арнайы жаттығуын өткізу - әріптестікті тереңдету мен мүше-елдердің бірлескен әрекетінің деңгейін көтерудің құралы екенін атап өтті.




Өз кезегінде НАТОның әріптестік және аймақтық қауіпсіздік басқармасының директоры генерал-майор Ян Тофт жаттығуды ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, НАТО өкілдерінің «Казбат» Қазақстан бітімгерлік батальоны жеке құрамының дайындық деңгейін жоғары бағалайтынын, өйткені осы жаттығу барысында «Шұғыл күштердің концепциясы» бағдарламасының талаптарына сай екенін жеткізді.


С. Ақынжанов


 


 




Көрілген: 497    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 07.08.2017, 16:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30