Қазақ солдаты

Бітімгершілік операциясына қатысу үшін де оқып,үйрену керек

  • Бітімгершілік операциясына қатысу үшін де оқып,үйрену керек

    Бітімгершілік операциясына қатысу үшін де оқып,үйрену керек

Елдің қорғаныс қабылетін биік деңгейде ұстау, әрине армияның кәсіби деңгейіне байланысты. Сонымен қатар, қауіпсіздік мәселесін халықаралық деңгейде, өзге елдердің қарулы күштерімен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы сақтау да маңызды істердің бірі.


Ол да армияның кәсіби деңгейіне, жүктелген халықаралық міндетті нық орындай білуіне байланысты. Қазақстан Армиясының жеке құрамдары халықаралық бітімгершілік күштеріне қатысып жүр. Кавказдағы, Памирдегі, кіші Азиядағы соғысты болдырмау операцияларында Қазақстан бітімгершілік күштерінің ролі болды. Әрине, бітімгершілік операциялары әртүрлі болады. Тіпті бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан да бітімгершілік істеріне байланысты өзге елдердің тәжірибесін зерделеп отырғаныннан ұтылмасымыз анық. Үйренеріміз көп бұл жерде. Сондықтан да еліміздің бас әскери ведоствосы мұндай істерге үлкен маңыз беріп келеді.




Таяуда Қазақстандық армияның әскери қызметшілері бітімгерлік операциялардағы итальяндықтардың тәжірибесін зерделеді. Соның аясында 2017 жылға арналған Қазақстан мен Италия қорғаныс ведомстволарының әскери ынтымақтастығының жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары алдында ҚР-дағы Италияның әскери атташесі полковник Андреа Натале «Бітімгершілік операциялардағы итальяндық тәжірибе» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте әлемдегі ағымдағы әскери-саяси жағдай, оның әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ықпал етуі мазмұндалды, бітімгершілік операцияларды өткізудің негізгі мазмұны және Италия Қарулы Күштерінің даму бағытының ағымдағы жай-күйі ұсынылды. «Қазіргі уақытта бітімгершілік операциялар атысты тоқтату режімін айқындау және сақтау және жауласушы тараптар арасында буферлік аймақты құру үшін бейтараптық үшінші тараптың рөлін атқарады. Бітімгершілік операцияларды өткізудегі Италияның тәжірибесі айқын көрсеткіш болып табылады және бүкіл әлемде дағдарысты реттеуде тиімділіктің жоғары деңгейіне ие», - деп дәріс аяқталған соң әскери-мемлекеттік басқару кафедрасының бастығы полковник Ғани Лесов атап өтті.

С. Ақынжанов


 




Көрілген: 210    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 08.11.2017, 20:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30