Қазақ солдаты

ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

  • ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Бүкіл ғалам – бір әлем. Ел қауіпсіздігі жалқы ұғым емес. Қауіпсіздік – ұжымдық дүние. Оған бүкіл әлем елдерінің көзі әлдеқашан жеткен. Сондықтан да ел қауіпсіздігін бірлесіп қорғау, үшінші күшке бірлесіп қарсы тұру саясатын қолдамайтын ел кем де кем. Бітімгершілік мақсаты осыдан туған. 




Қазақ елі де сол кең әлемнің құрамдас бір бөлігі ретінде бітімгершілік саясатынан тыс қала алмайды. Қазақстан мамандарының бір кездері Ирактағы миссиясына осы тұрғыдан қарауға болады. Әрине, бітімгершілік операциялары да оп-оңай жүзеге асыра қоятын іс емес. Бұл өз алдына бөлек бір майдан. Оған да жан-жақты дайындық керек.

Қазақ жерінде 22-шілде мен 4-тамыз аралығында «Дала қыраны - 2017» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік дайындығының екінші кезеңі жүріп жатыр. Дайындық «Іле» оқу орталығында өтуде. Оның мақсаты: бейбітшілікті сақтау мен дағдарыс кезінде қимыл жасауға әзір болу, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен НАТО өткізетін операцияларға қатысуға дайындық және Альянстың күш, құралдарымен тығыз байланысты реттеу.





Дайындықтың екінші кезеңінің ерекшелігі: «Казбриг» басшылығының жетекшілігімен штаб дайындығы және алты шет ел штаб офицерлерінің қатысуымен жасалған бітімгершілік операциясы сценариі бойынша компьютерде өткізіледі. Оған АҚШ, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Түркия , Тәжікстан және Қырғыз Республикалары Қарулы Күштерінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысып отыр. Осы дайындықтың нәтижесі бойынша «Шұғыл күштердің концепциясы» бағдарламасы 1-деңгейінің бағасы беріледі.


С. Ақынжанов





Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 19:09

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз 2017
Ерекше мереке
25 Шілде 2017
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31