Қазақ солдаты

Десанттың қытай жеріндегі мерейтойы

  • Десанттың қытай жеріндегі мерейтойы

    Десанттың қытай жеріндегі мерейтойы

Заманауи талаптардың өзгеруіне байланысты әскери құрылымдарға жүктелетін міндеттер де, олардың құрамы мен талаптары да өзгеріске ұшырап отыр. Бұрын ұрыс қимылдары кезінде ауыр техника мен әскер саны үлкен роль атқарған болса, қазір шағын шұғыл қимыл топтары мен олардың тактикалық іс-қимылы көп нәрсені шешіп кете алады.






Міне сондықтан қай елде болмасын десант-шабуылдаушы топтарын әзірлеуге үлкен маңыз беріліп отыр. Сол себепті де десант-шабуылдаушы топтары «АрМИ» халықаралық ойындарында өз алдына бөлек сайысқа түседі. Бұл байқау «Десант взводы» деп аталады.» АрМИ-2017» халықаралық ойындары аясындағы десантшылар байқауы биыл Қытай Халық Республикасының жерінде өтпек. Оған біраз елдің десант-шабуылдаушы топтары қатыспақ. Қазірдің өзінде бірнеше елдің әуе десантшылары, атап айтар болса, Ресей, Иран, Марокко, және ОАР әскери қызметкерлері парашютпен секіріп үлгерді. Десантшылар сынына дайындық секірістерін жасап жатқандардың ішінде Қазақстан десантшылары да бар. «Хаодянь» полигонындағы сынға дайындық секірісін Қазақстан десантшылары да жасады.



Біздің десант бөлімшесі 4 сериясындағы Д-6 парашют жүйесімен 800 метр биіктен секірді. Жерге түсісімен команда белгіленген аймаққа жорық-шеру жасады. Әуе ағысы қатты болғандықтан және оның бағыты өзгеріп тұрғандықтан десантшылар аспанда шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр болды. Оның үстіне, қону аймағында бірнеше су қоймалары бар екен. Қазақстанның үш әскери қызметкері дөп түсу секірісімен таныстырды. Олардың бірі, парашюттік-десанттық батальон командирінің орынбасары Болат Молдахметов үшін өзіндік мерейлі мереке болды- жүзінші секіріс! Мерейленетін себебі бар, оның айтуынша, дәл жүзінші секірісті ол қытай жерінде жасаймын деп ешуақытта ойлап көрмепті. Солай болды. Десаншылар бәсекесі енді-енді қыза бастайды.


С. Ақынжанов




Көрілген: 524    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 27.07.2017, 17:19

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30