Қазақ солдаты

Елдің айбынын танығың келсе, армия әндерін тыңда!

  • Елдің айбынын танығың келсе, армия әндерін тыңда!

    Елдің айбынын танығың келсе, армия әндерін тыңда!

Рас, ол армияның өзіндік рухы бар. Сондықтан да әскери әндердің әуені де, ырғағы да өзінше ерекше болады. Музыка жанрының ішінде армия әндерін ерекшелейтін осы. Бұл жерде тек армияның биік рухы ғана емес, болашақ отан қорғаушылардың отты жалыны өршіп тұруға тиіс. Армия әндерінің фестиваліне қойылатын талаптың бірі осы рух деп айту керек. Астанада «Жас ұлан» армиялық әндер фестивалі өз мәресіне жетті.


Фестиваль ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының базасында «Жас ұлан-2017» ХІХ республикалық армиялық әндер фестивалі лауреаттарының гала-концертімен аяқталды.



Сахнада шешуші кезеңнен өткен жеңімпаздар өнер көрсетті. Тыңдау барысында әділқазылар орындаушылар мен шығармашылық ұжымдарды вокалдық орындау, фольклорлық өнер көрсету, вокалдық-аспаптық ансамбль және орындаушы атты үш аталым бойынша бағалады.



Байқау нәтижелері бойынша үздік вокалист номинациясында бірінші орынды ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының крусанты Дәулет Жанабайға бұйырды.



Үздік фольклорлық өнер көрсету номинациясында бірінші орынды 51051 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Аманжол Мұратов жеңіп алды.



ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының «Жас сарбаз» балалар ұжымы үздік вокалдық-аспаптық ансамбль болып танылды.


Авторлық әнді үздік орындағаны үшін 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Әскербек Құрманаев жүлдемен марапатталды.


Патриоттық әнді үздік орындағаны үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының вокалдық дуэті жүлдені қанжығасына байлады.



Фестиваль көрермендерінің көзайымы жүлдесін ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институтының «Болашақ» балалар тобы жеңіп алды.


«Жас ұлан-2017» армиялық әндер фестивалінің ынталандыру жүлдесімен 54380 әскери бөлімінің көркемөнерпаздар ұжымы марапатталды.


«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының шығармашылық ұжымына «Жас ұлан-2017» ХІХ республикалық армиялық әндер фестивалінің бас жүлдесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов табыс етті.



«Биылғы жылы фестиваліміз ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерейтойлық датасына арналған. Бүгінде фестиваль әскердің шығармашылық өмірінде лайықты орынды иеленіп отыр», - деп жеңімпаздарды құттықтап, Қорғаныс министрі атап өтті.


С. Ақынжанов




Көрілген: 250    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 07.11.2017, 20:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30