Қазақ солдаты

Ерекше мереке

  • Ерекше мереке

    Ерекше мереке

Шынымен де солай. Бұрын құлақ үйренбеген соң алғашында біртүрлі естілетін. «Мемлекеттік рәміздер күні». Бірақ, уақыт өтіп, бұл мерекенің мәнін терең сезінген сайын жақын бола түсті. Той тойлағаның үшін емес. Көшеге шығып думандатқаның үшін емес. Мемлекеті бар, жері бар, мемлекеттіктің барлық белгілері бар елің үшін. Себебі, жер бетінде бес мыңдай ұлт бар екен. Соның екі жүзге жуығы ғана өз мемлекетінің иесі. Қалғанына ол арман болып келеді. Ал, біздің арманымыз қолымызда: Мемлекеттік Ту болып желбірейді, Елтаңба болып төрде тұр, Әнұран болып төгіледі. Мемлекеттік рәміздеріміз біздің! Осы күнді мәңгілік бекіту үшін жарияланған бұл күн. Сол мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына биыл 25 жыл толды. Сөз жоқ, ұлы мереке!


Неге 4-маусым күні атап өтеміз біз бұл мерекені? Өйткені, 1992 жылы 4-маусым күні Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді.


Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – Тәуелсіз Қазақ елінің айбыны. Аспан түсті көк ту мен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңба барша дүниеге Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет барын паш етті.


1992 жылы суретші Шәкен Ниязбековтің ұшқыр ойынан туған Мемлекеттік тудың бейнесі бекітілді. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасын сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов дүниеге әкелді.


Әнұранға келетін болсақ, сол 1992 жылы әні мен мәтініне байқау жарияланды. Нәтижесінде Қазақстанның тұңғыш әнұранының әні болып Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди бірлесіп жазған туынды қабылданды.


Әнұран ұлттың рухын әйгілеуге тиіс. Ондай ән бар еді. ХХ- ғасырдың ортасында дүниеге келген «Менің Қазақстаным» өте танымал да халыққа өте жақын ұлтжанды туынды болатын. 2006 жылы «Менің Қазақстаным» жаңа әнұранның әні ретінде қабылданды.


Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.


Міне, қазақ ұлтының мемлекеттігін паш ететін, мерейін тасытып, рухын өсіретін Мемлекеттік рәміздердің қысқаша тарихы осындай. Тарихты ұмытпаған абзал. Өйткені, бұл тарих мемлекеттіктің келбеті, айбыны, намысы мен қайраты. Олай болса, 25 жылдық мерейтой – ұлттың тойы. Бұл сондықтан да ерекше мереке!


С. Ақынжанов


Алаш айнасы




Көрілген: 402    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 04.08.2017, 11:51

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30