Қазақ солдаты

Еуропадағыдай Қазақстанда да жезөкшелікті заңдастыру қажет пе?

  • Еуропадағыдай Қазақстанда да жезөкшелікті заңдастыру қажет пе?

    Еуропадағыдай Қазақстанда да жезөкшелікті заңдастыру қажет пе?

Жезөкшелік Еуропадағы ең ежелгі кәсіп болып саналады. Өздерін өркениетті, мәдениетті елміз деп санайтын кейбір мемлекеттер тәнін сатып нәпақа тапқандармен күресіп те әуре болмайды. Керек десеңіз, жезөкшелікті заңдастырып та қойған. Айталық Голландияда, Ұлыбританияда, Францияда, АҚШ-та жезөкшелер заң бойынша қызмет көрсетеді, ал жеңгетайлар мемлекетке патент төлейді. Ал көптеген мұсылман елдерінде, керісінше, жезөкшелікке заңмен тиым салынған. Жеңіл жүріске салынған әйелдер, тіпті еркектер болсын заң бойынша жазаға тартылады. Ал біздің елімізде «жезөкшелікті қоғамның дерті, сүйегімізге таңба, дініміз бен ділімізге жат» деп байбалам саламыз да, бірақ жезөкшелікпен және оның салдарымен күресуге келгенде қауқарсызбыз. Ауылдағы апаларымыз көрші қыздың қысқа етек көйлекпен жүргеніне қарап бетіп шымшып отырғанда өз қыздары қала көшелерінде тәнін саудаға салып, ойнастан туған балаларын қоқысқа лақтырып, жыныстық жұқпалы ауруларды таратып жүргенін біле ме екен? Күресе алмайтынымыз бар, мүмкін жезөкшелікті заңдастырып тынғанымыз дұрыс шығар. Әлде... Міне осы сауалды «Алаш айнасы» ой-көкпарына салып көрмек...    




Иә

Мақаш ТӘТІМОВ,
Демограф, саясаттану ғылымдарының докторы:

– Жезөкшелікті заңдастыру керек. Бұл мәселеге демографиялық тұрғыдан қарар болсақ, жезөкшеліктің қарқынды түрде өсуі халықтың өсіміне зиянын тигізуде. Өйткені ондай қыз-келіншектеріміз тұрмысқа шықпайды және өмірге бала әкелмейді. Оның үстіне олар түрлі ауруларды жұқтырады. Егер легализация жасалса, кез келген жерде өз қызметін ұстанатындар азайып, тән тоятын (сауна) хауыз, қонақ үй, притондардан іздейтіндердің қатары сирер еді.

Жезөкшелік – жазылмайтын дерт. Оны түп-тамырымен жойып жіберу мүмкін емес. Көптеген мемлекттер бұл дерті жеңе алмаған. Жеңе алмаған соң, жезөкшелікті заңдастырып тынған. Өте жылдам дамып бара жатқан өркениет тұрғысынан алып қарағанда жезөкшелікті заңдастырудан басқа амал жоқ. Заңдастырылған соң жезөкшелер де салық төлейді. Бюджетке пайда түсіреді. Жыныстық жолмен жұғатын аурулар азаяды. Өйткені жезөкшелердің барлығы дәрігерлік қадағалауда болады. Жалған намыспен шындықтың бетіне қарағымыз келмесе де, жезөкшелік әлемді де, біздің қоғамды да жаулап алған.. Егер жезөкшелікті біздің салт-дәстүрімізге жат нәрсе ғой деп заңдастырудан қашатын болсақ, онда жезөкшелер көбеймесе азаймайды.




Жоқ

Сәуле ӘБЕДИНОВА,
«Ақжүніс-Астана» журналының бас редакторы:

– Дәл қазіргі кезде жезөкшелікті заңдастырудың қажеті жоқ. Өйткені біздің қазіргі буын ата-әженің тәрбиесін көрген ұрпақ. Біз бұрынғы ата-бабаларымыз бен кейінгі ұрпақты жалғастырушы дәнекер ұрпақпыз. Арын жанынан артық көрген бабаларымыз өздерінің ақыл-парасатының, көрегенділігінің арқасында жезөкшелік секілді дініміз бен ділімізге жат дүниелерге жол берген емес. Етегін жел көтермеген қазақ әйелдері қызының тәрбиесіне мән берді, ал әке қыздарының арына дақ түспеу үшін ізгілік жолын күзетті. Ата дәстүрді, әдет-ғұрыпты кейінгі ұрпаққа қарағанда біз білеміз. Сондықтан қазіргі таңда бізге өзіміздің салт-дәстүрімізге, ділімізге сай келетін бағыттағы дүниелерді жаңғырту керек. Қазір біз жастар жаман қылыққа әуес, ұрпағымыз азып барады деп жатамыз. Бірақ сол ұрпақты тәрбиелейтін кім? Өзіміз емес пе? Егер біз қазір жезөкшелікті заңдастырып қойсақ, онда өз ұл-қыздарымызды азғындыққа тәрбиелегеніміз емес пе? Сондықтан, меніңше, бізге жезөкшеліктен бұрын, ең алдымен, ер азаматтарымыздың екі әйел алуын заңдастырып алған дұрыс. Дәл бүгінгі біздің ұрпақтың алдында осындай ұлы міндет тұр. Ал жезөкшелік туралы заңды кез келген уақытта қабылдай салуға болады, оған асығудың керегі жоқ. Бізден кейінгі ұрпаққа жезөкшелікті заңдастыру қажет болып жатса, заманның ағымына қарай бұл да жүзеге асады. Ал дәл қазіргі таңда бізге жезөкшеліктен қарағанда екі әйел алу мәселесін заңдастырып алу маңыздырақ. Біздің қазақ қыз-келіншектері «екі әйел» деген мәселеден неге сонша шошитынын түсінбеймін. Эгоист болмау керек, бөлісе білу керек... Ер азаматтың екі әйел алуы – біздің қанымызда, сүйегімізде бар, генетикалық «чипте» сақталған. Біздің ата-бабаларымыз екі әйел алған, апа-әжелеріміз де біреуге екінші әйел болған, ал бәйбішелердің көбі шалына тоқал алып берген... Сондықтан бұдан түк те қорқудың керегі жоқ... Тек мәселе жігіттерде... Жігіттер мықты болса, біз қайда барамыз?!... Бәйбіше-тоқал - қазақтың керемет дамыған әлеуметтік институты... Оның жазылмаған заңдары бар... Ең бастысы, кәрі қыздар мен жезөкшелер азаяр еді... Қыздарымыз Саин көшесінің бойында тұрғанша, біреудің екінші әйелі болып, бала емізіп отырғаны абзал емес пе?..


Түйін

Жезөкшелік – қоғамның қауіпті дерті. Біз осы дерттің алдын алмай, тіпті асқындырып алдық. Енді емін іздеп әлекпіз. Бүгінгі ұрпақтың теледидардан көргені реалити-шоулар, интернеттен көргені порнофильмдер, көшеден көргені секс-шоптар. Өркениетті қоғам қалыптастырамыз деп ұл-қыздарымызды тура жолдан тайдырған кім сонда?... Әке мен ағаның сұқ көзінен қорғатын қыздар, қыз-келіншектер болшақ аналар неге жеңіл жолға салынып жатыр? Осы дерттің салдарымен күресудің орнына себебін неге анықтап алмаймыз? Қоғамдағы кейбір мәселелерді шешеміз деп жезөкшелікті заңдастыра салсақ, онда ашына айтып жүрген азаматтық неке «айналайын» болып қалатын секіл ғой.




Көрілген: 2135    Пікірлер: 7
Пікірлерді оқу (7) preloader

жұма, 25.04.2014, 15:18

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз, 11:51
Ерекше мереке
25 Шілде, 19:09
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30