Қазақ солдаты

«ЖАС САРБАЗДЫҢ» БАС САРБАЗДАРЫ

  • «ЖАС САРБАЗДЫҢ» БАС САРБАЗДАРЫ

    «ЖАС САРБАЗДЫҢ» БАС САРБАЗДАРЫ

Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ерлік пен өрлік рухына тәрбиелеу керек деп ұрандатамыз. Ал, нақты іске келгенде осы міндет орындалмай қалады. Бірақ, ауызды қу шөппен сүртуге болмайды екен. Ұрандатып қана емес, ұрпаққа рух дарытып жұмыс істейтіндер бар екен. Ол әскерилердің сәбилері демалатын «Жас Сарбаз» лагері. Жауынгердің баласы – жауынгерлік рухқа жақын болатыны анық. Сондықтан да лагерьде әскери-патриоттық тәрбиеге жоғары мән береді екен. Таяуда олар балаларды 53975 әскери бөліміне танысуға апарыпты. Осы таныстық кезінде әскери ұшқыштар балаларға ұшақтар мен тікұшақтардың тактикалық-техникалық мүмкіндіктерін баяндаған, Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихынан қызықты әңгімелер айтып берген. Жас балалар әскери ұшақтарды өз көздерімен көрумен қатар оның штурвалына отырған, өздерін әскери ұшқыш роліне қойып көрген.





«Біз бұл әскери бөліммен талайдан бері тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Қызықты айтайын, осындай кездесулерден кейін балалардың көпшілігі өз өмірін әскермен байланыстыратын сияқты. Оның ішінде авиацияға деген ықлас ерекше»,- дейді «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық лагерінің жетекшісі, капитан Данияр Қасенов.


Бұл жолы да балалардың біразы өз өмірін Қазақстан Қарулы Күштерімен бірге өрбітуді ойланып қалған тәрізді.


С. Ақынжанов




Көрілген: 644    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.07.2017, 16:18

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз 2017
Ерекше мереке
25 Шілде 2017
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31