Қазақ солдаты

Жылда су астында қалатын ауылдарды басқа жерге түбегейлі көшіру керек деген пікірді қолдайсыз ба?

  • Жылда су астында қалатын ауылдарды басқа жерге түбегейлі көшіру керек деген пікірді қолдайсыз ба?

    Жылда су астында қалатын ауылдарды басқа жерге түбегейлі көшіру керек деген пікірді қолдайсыз ба?

Еліміздің әр аймағында жылда су астында қалатын елді-мекендер бар. Оларға жыл сайын төтенше жағдайдың алдын алу, салдарын жою бойынша мемлекет қоржынынан қомақты қаржы жұмсалады. Бұл жағдай әр жылы қайта қайталанып отырады. Сондықтан кей мамандар «жылда шығын шығарып, ақшаны босқа шаша бермей, су астында қалатын ауылдарды біржолата қауіпсіз аймақтарға көшіру керек» деген пікір айтады. Десе де, «ол үшін қыруар қаржы қажет, егер жауапты органдар алдын алу шараларын дұрыс атқарар болса, мәселені аз шығын шығарып шешуге болады» деп қарсы пікір айтушылар да бар. Сондықтан бүгін «Алаш айнасы» «Жылда су астында қалатын ауылдард басқа жерге көшіру керек деген пікірді қолдайсыз ба?» деген сауалды мамандар талқысына салып көрген еді.




ИӘ

Бақберген ДОСПАНБЕТОВ,
экономист:

– Біздің қазақта қара шаңырақты, кіндік қаны тамған жерді тастап кетпеу деген сенім бар. Бұл жағынан алғанда, әрине, қара щшаңырақыңды тастап көш деу қиындау. Дегенмен, жылда су астында қалып, өздері де, мемлекет те жылда шығынға батып жатқанын да ескеру керек. Сондықтан ондай елді-мекендерді біржолата қауіпсіз аймаққа көшірген тиімді болады деп ойлаймын. Елді басқа жерге көшіргенде еңбек күшінің қажеттілігін ескеру қажет. Өйткені кей жерде еңбек күші жетпей жатса, енді бір жерде жұмыссыздық басым. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында үш миллионға тарта хылық тұрады. Олардың басым көпшілігі Алматы, Астана, Ақтау сияқты жерлерге барып жұмыс істеп жүр. Мұндай құбылыс оңтүстік аймақтардың көбіне тән. Ал, сол оңтүстік өңірде де жылда су астында қалып жатқан ауылдар бар. Ол ауылдарда тіпті жастар жоқ деуге болады. Себебі, жастар басқа жаққтарда жұмыс істеп жүр. Яғни, ол ауылдардың тиімділігі төмен. Бірақ жылда сол ауылдарды су басып, қанша шығын шығады. Әрине, ауылдарды көшіру оңай шаруа емес. Дей тұрғанмен, оларды қауіпсіз, еңбек күші қажет аймықтарға көшірсек, түптің түбінде шығынның қайтарымы болары сөзсіз. Бір кездері Астананы көшіреміз деген кезде де «оған қанша қаржы керек, ол жаққа кім барады» деп қарсы шыққандар да болған еді. Ол шешімнің дұрыс болғанын, қазір өздеріңіз көріп отысыздар. Сол кезде 250 мың хылқы бар елді-мекенде бүгінгі күні хылық саны 900 мыңға таяды. Сондықтан қиындықтан қорықпай, жылда су астында қалатын ауылдарды көшірген дұрыс. Бір кездері Бердібек Сапарбаев ҚР Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрі болып тұрған тұста, «Нұрлы көш» бағдарламасын қолға алды. Ол кезде де «солтүстік аймақтарға оралмандар бармайды» деп күдікпен қараушылар болған. Алайда, қаншама оралман солтүстікке көшіп барып, оңірдің қазақилануына мысқылдай болса да үлес қосып отыр. Қазіргі уақытта да солтүстік облыстарда еңбек күшінің жетіспеушілігі байқалады. Жылда су астында қалатын ауылдарды, тұрғындарымен бірге сол өңірге көшірсек, тіптен дұрыс болар еді. Әрине ол үшін көшіп барғандарды жұмыспен қамтып, жергілікті билік қолдау көрсетуі тиіс. Бұл жерде «пайда зиянның арғы жағында тұрады» деген қағиданы ескерген жөн. Қазір қиындығы болар, дегенмен келешекте оның пайдасын көреріміз анық. Бұл менің жеке пікірім.




ЖОҚ

Атамұрат ШӘМЕНОВ,
экономист:

– Мен бұл пікірді қолдамаймын. Тіпті қарсымын. Экономикалық тұрғыдан алғанда бұл тиімсіз. Ал, бүгінгі Украинадағы жағдайға байланысты қаржылық қиындықтар туындау ықтималдығы жоғары болып тұрған кезде, мұндай әңгімені қозғаудың өзі артық. Негізі, біздің ата-бабаларымыз сол ауылдарды тұрғызғанда жер жағдайын ескерген. Алайда, арадан бірнеше ондаған жылдар өткенде елді-мекендерді көркейтеміз, дамытамыз деп жасалған жұмыстар кері әсерін тигізді. Бір жерді жауып тастады, енді бір жерді қазды, тағы бір жерден бөгет салды, бірақ соның кері әсері болуы мүмкін екенін ескермеді. Сондықтан бүгінгі таңда соның жемісін жеп отырмыз. Менің ойымша, жылда су астында қалатын елді-мекендерді біржолата көшірмей-ақ мәселені шешуге болады. Ол үшін соған қатысты төтенше жағдай мен селдің алдын алу мекемелері, жергілікті билік, Қазгидромет тағысын тағы, бәрі бірлесе жұмыс істеуі тиіс. Біздегі төтенше жағдай қызметі төтенше жағдай орын алған соң соның салдарын жоюмен айналысады. Дәл су тасығалы тұрғанда, жалма-жан, жан таласып топырақ тасып әлек болады. Уақытында алдын алу жұмыстары тиісті деңгейде жасалмайды. Жылда су астында қалатын елді-мекендердің жағдайын зерттіп, алдын алу шараларын жүргізер болса, соншалықты шығынға ұшырамас едік қой. Қазгидрометпен тығыз байланыста жұмыс істеп, қардың қанша түсетінін, көктемде жауын шашын мөлшері қанша болады соған қарай әрекет етуі керек емес пе?! Өзен тасымау үшін оның арнасын тазартып отыру қажет. Ауылды су басып қалмауы үшін алдын ала су ағатын арықтар қазуға болады ғой. Қазір ғарыштың дамыған кезі. Ғарыштан түсірілген карта арқылы әрбір ауылдың жағдайын алдын ала бүгі-шігіне дейін біліп отыруға болады. Тек ол үшін жалқауланбай, жауапты мекемелер бірлесе жұмыс істеуі керек. Менің ойымша, жылда су астында қалатын ауылдарды көшіргенше, жауапты мекемелер дұрыс жұмыс істесе, қыруар қаржы шығындамай-ақ мәселенің оң шешімін табуға болады. Ауылды көшіру деген оңай шаруа емес. Оның сыртында топан су шайып кеткен елді-мекеннің орнына жаңа салынған ауылдарды көріп жатырмыз. Сапасыз салынған үйлер құлау алдында. Ал, оған қанша ақша жұмсалды?! Ол ақшаның бәрі біз бен сіздің, яғни салық төлеушілердің ақшасы емес пе?! Сондықтан: «Жылда су астында қалатын ауылдард біржолата басқа жерге көшіру керек» деген пікірді қоя тұрған абзал.


БЕЙТАРАП ПІКІР:

Нұрболат АЙЕКЕШОВ,
әлеуметтанушы:

– Менің ойымша, бұл жерде мәселеге біржақты қарауға болмайтын сияқты. Жылда су астында қалатын ауылдарды зерттеп, алдын алу шаралары негізінде мәселесін шешуге болатын ауылдарды қалдырып, мүлдем үмітсіз ауылдарды көшірген абзал. Жыл сайын, тек сол ауылдарға қатысты төтенше жағдайлардың алдын алуға, салдарын жоюға қыруар қаржы жұмсалып жатыр. Сондықтан әрбір ауылды жеке қарап, тиімді шешім қабылдау қажет.




Көрілген: 1350    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жексенбі, 04.05.2014, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30