Қазақ солдаты

КАДЕТ – КОМАНДИРЛЕР МЕКТЕБІ

  • КАДЕТ – КОМАНДИРЛЕР МЕКТЕБІ

    КАДЕТ – КОМАНДИРЛЕР МЕКТЕБІ

Әскер әлемінде «кадет» дейтін ұғым да, термин де бар. Жалпы, ұғым ретінде ол 13-17 жас аралығын қамтиды. Француз тілінен аударғанда «кіші», қазақша «жасөспірім» деген сөз ғой бұл. Ал, әскерде кадет ұғымы «жас, көкөрім» деп де қабылданады. Мысалы, әскерге жаңа алынған бозбаланы «кадет» деп атауы ғажап емес. Ол «жас жауынгер, көкөрім солдат». Бірақ, кадет сөзі міндетті түрде оның әскери адам екенін әйгілейді. Яғни, болашақ «кіші офицер», сержант деген мағынаның құлағы міндетті түрде қылтиып тұрады. Бұл шынында да солай. «Кадет» - болашақ кіші командир. Ол ертең жауынгерлердің өміріне жауапты болғандықтан міндетті түрде оқу-жаттығудан өтуге тиіс. Сол себепті де ҚР Қорғаныс министрлігі кадеттерді оқытып отырады. Таяуда Министрліктің Кадет корпусы кәсіби сержанттар корпусына үміткерлерді қабылдайтыны туралы хабарлайды. Биылғы жылы оқу орны мотоатқыш, десанттық-шабуылдау әскерлері және әскери барлау мамандықтары бойынша оқыту үшін кадеттерді оқуға қабылдауға әзір. Жыл сайын орташа есеппен алғанда 1 500 жас қазақстандық оқуға құжаттарын тапсырады. Кадет корпусына 17 жастан кіші емес және 25 жастан аспаған азаматтар қабылданады. Кадет корпусына оқуға түсуге ниет білдіргендер тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық куәландырудан өтеді. Әрі қарайғы кезеңдер алдын ала медициналық куәландыру, алдын ала кәсіптік-психологиялық іріктеу, дене дайындығын тексеру, түпкілікті медициналық куәландыру және түбегейлі кәсіби-психологиялық іріктеу. Содан кейін конкурстық іріктеу және кандидаттардың оқуға түсуі тікелей Кадет корпусында жүзеге асырылады. Қабылдаудың әрбір кезеңінен өтуге бір-ақ рет рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді. Барлық кезеңдер шілденің 





20-ы мен ағымдағы жылғы тамыздың ортасына дейін өткізіледі. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер Кадет корпусының аумағында орналасады және тамақпен қамтамасыз етіледі.

Жалпы оқу мерзімі 1 жыл 10 айды құрайтынын айта кеткен жөн. Бұл уақыт ішінде кадеттер теория және іс жүзінде әскери ғылымның қыр-сырын меңгеріп, техникалық және кәсіби білім алады. Бұл колледж деңгейіне сәйкес келеді және оларға «әскери басқарудың кіші маманы (менеджер), «В», «С» санатындағы жүргізуші және 3-сыныпты ЖӘЖМ механик-жүргізушісі біліктілігі беріледі. Оқыту аяқталғаннан кейін әрқайсысымен 10 күнтізбелік жылға сержанттар құрамы лауазымында әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады, Одан кейін кадеттер әскери бөлімдерге бөлімше командирлері лауазымдарына таратылады. Алған білімдері жас сержанттардың бөлімшелерді басқарудағы сенімділігін арттырады. Бұл әскери бөлімдердегі әрі қарайғы қызметтеріне қолайлы ықпал етеді және бөлімше командирінен бастап Қарулы Күштердің бас сержантына дейін қызметтік мансап бойынша көтерілуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан барлық әскери қызметшілерге әлеуметтік қолдау қарастырылған.




Бүгінде Кадет корпусы кәсіби сержанттарды дайындаудағы негізгі білім ошағы болып табылады. Кадет корпусының түлектері Қарулы Күштерде болсын, өзге де әлеуетті құрылымдарда болсын қызметтерін ойдағыдай өткеруде. 1996 жылдан бастап Кадет корпусы барлығы 2800-ден аса кәсіпқой сержантты дайындап шығарды.

Жалпы, өз болашағын әскермен байланыстыратын жас жауынгер үшін кадет болу үлкен абырой. Өйткені, кадет – ең алдымен командирлер мектебі.


С. Ақынжанов


 


 




Көрілген: 405    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 19.07.2017, 17:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30