Қазақ солдаты

Қарапайым қазақ солдаты

  • Қарапайым қазақ солдаты

    Қарапайым қазақ солдаты

Қазақтың ең үлкен мақтанышының бірі – батырлары. Шынымен де мынау ұлан-ғайыр даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған ең алдымен солардың жанқиярлығы, ерлігі мен өрлігі. Сол батырлардың есімін ел жадынан өшірмей сақтап келеді. Себебі, бүгінгі және ертеңгі ұрпақты ерлік рухында тәрбиелеу үшін солай істеуге тиіспіз біз. Рас, әр уақыттың өз батырлары да болады. Одан да бас тартуға болмайды.

Биыл 25 жылдығын тойлап отырған Қазақстан қарулы күштері осал болады дей алмаймыз. Өйткені Бауыржан атамызды үлгі тұтқан, оның ерлік істерінен өнеге алған ұрпақ әлсіз болуға тиіс емес.

Жас ұрпақ үлгі тұтып, оның тірлігіне қарап бой түзейтін заманауи тұлғаның болғаны да дұрыс. Ал, сол тұлға әлемге танылған, өзгелерді мойындатқан, аңыз- әпсаналар кейіпкері емес, кеше ғана ортамызда жүрген жан болса, одан биік рух болар ма еді? Сондықтан да шығар, біз Бауыржан Момышұлына айналып келе береміз. Ол аңыз емес, шындық ол. Оның ерлігі мен өрлігі қолдан жасалған дүние емес. Сондықтан да «қазақ солдаты» дегенде ең алдымен Баукеңнің есімі тілімізге оралады.



Біз ғана емес, ерлік рухына бас иетін өзге ел азаматтары үшін де тұлға ол. Естеріңізде болса, таяуда ғана Ресей президенті Владимир Путинге Израйльден келген азаматтар Баукең туралы қандай әңгіме айтты. Оның Мәскеуді қорғауда көрсеткен ерлігін әскери оқулықтарға енгізіп қойыпты тіпті. Әлемнің бірқатар елдерінде солай, Баукеңнің ерлігі мен әскери ойлары дәріс ретінде оқытылады. Соның бірін белгілі журналист, жазушы Құлтөлеу Мұқаш өзінің «Өкініш» деген мақаласында былай баяндаған екен:

«Бірде мәскеулік «Знамя» журналының тілшілері Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастродан сұхбат алып отырып, совет еліндегі қандай даңқты батырларды білесіз деп сұрапты. Ол біраз ойланып, Василий Чапаев пен Бауыржан Момышұлының аттарын атайды.

Журналистер айтпай ма:

– Бауыржан Момышұлы тірі адам ғой!

– Қалай?! Сапта жүрген кісі ме?!

– Әлбетте. Ол – запастағы офицер. Бірақ қатардан қалған жоқ. Қазір Қазақстанда Әдебиет майданы деп аталатын салада қызмет етеді.

– Солай ма?! Момышұлының еңбектері біздің әскери училищелерде оқытылады. Мысалы, қоршауды бұзып шығу тактикасына байланысты «Бауыржан спиралі» деген бар...

Сөйтсе, «Бостандық аралының» серкесі Бауыржан Момышұлы туралы «Волоколам тас жолы» кітабын қайталап оқып, тамсанады екен. Батырды жауынгерліктің идеалы санап, аталған шығарманы Куба сарбаздарының ең қажетті әскери жабдықтары қатарына кіргізу жөнінде бұйрық шығарыпты.

Қысқасы, тірі адам екенін білген соң, жаны қалмай, Бауыржанды мәртебелі мейман ретінде дереу Кубаға қонаққа шақырады. Бұл – 1963 жылдың қыркүйек айында болған оқиға.

Сол сәт Баукең жас Олжас Сүлейменовті алдырып, жағдай осылай, екеуміз Кубаға бірге барып қайтайық, «адъютантым» бол деп ұсыныс жасаған.

Сонда, батыр, бір жағынан, ақын інісіне мұң шаққандай болып, толқи отырып:

– Көрдің бе, мені өз Отаным керек қылмайды. Бас штаб маманы, Әскери Академияның орденді профессоры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлын алады да саптан лақтырып тастайды. Мен – жоғары білімді әскери адаммын. Әлі де, кемі, он бес жылдай қызмет ете алар едім. Иә, тәуір зейнетақы берді. Үш жүз сом тақияға тар келмейді. Бірақ ең топас түрде бұйырды: көйкеңе жайғас та, дыбыр етпей, төбеге түкіріп жата бер деді. Қалай ойлайсың, төбеге түкіру үшін үш жүз сом жете ме? Білікті офицер үшін жаман ермек емес қой, ә! СССР азаматы және адал офицер ретінде бұл жағдай арыма қатты тиеді, намысым тапталады. Осылай, бауырым. Ал айдаладағы кубалықтар мені пір тұтып, аспанға шығарады, – депті».

Міне, осылайша өкініш білдіріп отырғанда Баукең елудің жуан ішіндегі қылшылдаған жас кезі екен. Өзге елдер оның іскери істерін үлгі етіп оқытып жатқан, Кеңестің әскери біліміне де, ғылымына да керек болмай қалыпты, қайран батыр! Сондықтан да кейбір кездері қасымызда жүрген замандас, қазақтың қарапайым солдаттарына зейін аударып қояйық. Олардың арасында бүгінгі Баукең бар болуы әбден мүмкін.


Еркенұр Ерзия

 




Көрілген: 497    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 03.07.2017, 14:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30