Қазақ солдаты

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі навигация жабылды

  • Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі навигация жабылды

    Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі навигация жабылды

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің гидрографиялық қызметі Каспий теңізі қазақстандық секторының су айдынының солтүстік бөлігінде навигациялық кезеңді жапты.



ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің гидрографиялық қызметі «Жайық» гидрографиялық кемесімен жүзбелі сақтандырғыш белгілерді, яғни, буй мен қадаларды алып тастау бойынша іс-шаралар кешенін өткізді.



Буй мен қадалар қауіптерді, теңіз арналарын, фарватерлерді, ұсынылған бағыттарды, сондай-ақ күндізгі және түнгі уақытта теңізде жекелеген навигациялық қауіптерді тікелей қоршау үшін арналған. Буйлар мен қадалардың пайдаланылу кезеңі – жыл бойы.




«Ресми статистика бойынша Каспий теңізінің саяздану деңгейі жыл сайын 7 сантиметрге түсіп отыратынын айта кеткен жөн. Каспий теңізі қазақстандық секторының солтүстік бөлігі су айдынының шағын тереңдігін ескерсек, кемелердің жүруінің қауіпсіз бағдарының өзгеруіне әкеп соқтырады. Дәл осы навигациялық буйлармен тәуліктің күндізгі және түнгі уақытында теңіздегі ұсынылған қауіпсіз бағыт салынады. Қазіргі сәтте өздерінің орындарында жыл сайын пайдаланылуға арналған және мұз жамылғысынан, сондай-ақ Каспий теңізі қазақстандық секторының орташа бөлігінде орналасқан буйлардан қорықпайтын тек теңіз мұз буйлары қалды», - деп штурмандық жауынгерлік бөлігінің командирі лейтенант Бақытжан Қалдарбеков атап өтті.

Каспийдегі навигацияның жабылуы қысқы кезеңде теңіздегі қауіпсіздікті арттыру үшін арналған және ең алдымен, ауа райы жағдайының бұзылуы, мұздың пайда болуы және кеме жүзуінің өзге де кедергілерімен байланысты.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 1537    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.12.2017, 15:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз 2017
    Ерекше мереке
    25 Шілде 2017
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31