Қазақ солдаты

Қазақ солдаты Достастық елдеріндегі үздік жауынгер

  • © ҚР ҚМ баспасөз қызметі

    © ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын қысқаша «Достастық елдері» деп атайтыны белгілі. Осы саяси терминге сәйкес әскери құрылымдарын Достастық армиялары деп атайды.


Бұл достастық тек термин деңгейінде ғана емес, бірлескен оқу-жаттығу, үнемі тәжірибе алмасу, техникалық жетістіктерімен бөлісу және халықаралық сайыстар мен ойындарға ұласып отырады. Бұл заңдылық екені белгілі. Себебі, Отан қорғаушы әр уақытта сын мен тартысқа түсіп, жауынгердік шеберлігін шыңдап отыруға тиіс. Сондықтан да Достастық елдері әскерлерінің арасында әскери жарыстар мен сындар баршылық. Соның бірі «Достастық сарбазы». Бұл туралы ҚР Қрғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Алаш айнасы" хабарлайды.




«Достастық сарбазы» аты үшін сын-сайыстар биыл Белоруссия жерінде өтті. Достастық армиялары әскери қызметкерлерінің халықаралық әскери-шеберлік сайысында Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгері аға сержант Орынбек Сандыбеков үздік «Достастық сарбазы» атанып, бас жүлдені жеңіп алды. Ашығын айтқанда, бұл Орынбектің тұңғыш жеңісі емес. 2015 жылы қазақ жерінде өткен Достастық сарбазы сайысында да ол жеңімпаз болған. Өткен жылы басқа елдің жауынгері озық шықты. Бірақ, биыл Орынбек чемпиондық атағын қайтарып алып, енді екі дүркін жеңімпаз атанып отыр.





Қазақстан әскери қызметкерлері басқа сын түрлерінде де биіктен көріне білді. Әсіресе, «Атлет», «Шебер», «Мерген» сияқты сайыс түрлерінде жігер көрсетіп, жеңімпаз болды. «Мерген» бойынша - 67993 әскери бөлінің аға сержанты Олжас Ермеков, «Атлет» - 21450 әскери бөлімінің аға сержанты Асхат Байдәулетов, «Эрудит» - 85510 әскери бөлімінің кіші сержанты Людмила Губарева жеңіске жетті.





«Достастық сарбазы» халықаралық армия жарыстары 27-шілде мен 6-тамыз аралығында Белоруссия жерінде өткізілді.





С. Ақынжанов




 




Көрілген: 415    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 10.08.2017, 09:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30