Қазақ солдаты

Қазақ солдатының қарапайым ерлігі

  • Данияр Ешайдаров

    Данияр Ешайдаров

Десант-шабуылдау әскерінің қызметкері Данияр Ешайдаров екі жасар сәбиді автокөліктің астынан жұлып алып, құтқарып қалды деп хабарлайды "Алаш айнасы".


Сол күні Данияр номері 12881 әскери бөлімнің бақылау-тексеру орнында әскери қызметін өтеп тұрған. Бір уақытта әскери бөлім қарсысындағы үлкен жолдың дәл ортасында тұрған сәбиді көрді. Сәби ештеңені түсініп болар емес. Оның қасынан үлкен жүк көліктері зымырап әрі-бері өтіп жатыр. Кімді болса да қағып өтердей ышқынған көліктерге қарамай бірден көмекке ұмтылды. Ойы біреу-ақ: сәби анда-мұнда қашпай тұрғанда үлгеру керек. Жауынгер көп ойланып тұрған жоқ. Бірден көмекке ұмтылды. Ол жанұшыра жетіп, сәбиді көтеріп алып, жолдың шетіне шықты. Ух! деді.


«Менің өзім үшін емес, бала үшін қорыққаннан зәрем ұшып кетті. Егер сәби бір орнында қатып қалмағанда, не алдыға, не артқа бір қадам жасағанда, көп машинаның бірі қағып кетер еді. Онда менің қолымнан ештеңе келмес еді» - дейді ефрейтор Ешайдаров.


Жол бойында бұндай жағдайдың болғанын әскери бөлімдегілер де, оның командирі подполковник Руслан Өтепов та білген жоқ-ты. Тек баланың анасы, жас әйел, сәбиінің өмірін құтқарған жауынгерді әскери бөлімге іздеп келіп, алғыс айтқанда ғана бәрі құлағдар болды.


Десант-шабуылдаушы әскерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев Данияр Ешайдаровты ерлік пен шешімталдық көрсеткенін атап өткен мақтау қағазымен марапаттап, бүкіл құрамға үлгі қылып көрсетті.


Оның бәрі жақсы әрине. Ең бастысы – бала аман-есен. Жауынгерге одан үлкен қандай сыйлық бар?!


С. Ақынжанов

 




Көрілген: 291    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 10.08.2017, 14:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31