Қазақ солдаты

Қазақстан әскери білімі мен ғылымының ордасы - 20 жаста

  • Қазақстан әскери білімі мен ғылымының ордасы - 20 жаста

    Қазақстан әскери білімі мен ғылымының ордасы - 20 жаста

ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскер-патриоттық орталығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің құрылғанына 20 жыл толуына орай, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың қатысуымен Халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басшылық құрамы мен ардагерлер, Ресей Қарулы Күштері Бас штабы Әскери Академиясының өкілдері, сонымен қатар Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпус мүшелері қатысты.





«Бұл күндері Ұлттық университет өзін әлемдегі осы заманғы әскери қауіп-қатерге қарсы тұра алатын ұлттық әскери тап, офицерлердің жаңа толқынын тудыратын заманауи, парасат және білім орталығы екенін көрсетіп отыр. Сіздерге офицер кадрларын даярлау мен елдің қорғаныс қабылетін күшейтуде береке, денсаулық, алғырлық және тың табыстар тілеймін»,-деп атап өтті ҚР Қорғаныс Министрінің орынбасары Оқас Сапаров өз құттықтауында.




Расында да, бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жоғары әскери білім беру, жоғары әскери арнайы білім мен офицер кадрларын даярлау және қайта даярлау, әскери ғылыми-педагогика мамандарын әзірлеу міндетін ойдағыдай атқарып отырған Қазақстанның әскери білім жүйесінің көшбасшысы. Университет – жаңа форматтағы әскери оқу орны, әскери білім саласы мен парасатты әскери тап құру ісіне жаңалық пен инновация енгізуде да алдына жан салмай отыр. Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі Жоғары әскери оқу орны, Қазақстан Қарулы күштерінің барлық саласына, барлық құрылымдар мен бөлімдеріне ортақ әскери-әдістемелік орталық. Міне, осы ірі әскери орталықтың, Ұлттық Университеттің құрылғанына да 20 жыл толды. Бұл Қазақстан Республикасы қорғаныс саласының үлкен бір белесі деп айту керек. Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Бүгінгі заманауи қорғанысты ғылымсыз, білімсіз және инновациясыз көзге елестету мүмкін емес. Яғни, Ұлттық Университет сол заманауи әскери ғылымның қайнары мен арнасы болып табылады.







Серік Ақынжанов




Көрілген: 654    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.07.2017, 16:23

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Тамыз 2017
Ерекше мереке
25 Шілде 2017
Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31