Қазақ солдаты

«Қазақстан барысы» жас сарбаздарға ой арқалап келді

  • «Қазақстан барысы» жас сарбаздарға ой арқалап келді

    «Қазақстан барысы» жас сарбаздарға ой арқалап келді

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің үлкен мәні бар. Өйткені, ертең осынау ұдан-ғайыр елдің иесі солар болмақ. Елдің барлық жақсылығын осы ұрпақтың бойына егу үшін әрине тәрбие жұмыстарын барынша батыл және өтімді жүргізу керек. «Жас сарбаз» лагері тура осы мақсатта құрылған. Бұл жерде көбінесе шалғай гарнизондарда қызмет ететін әскери жандардың балалары тәрбие алады.


Қазір төртінші ауысым жазғы демалыстарын өткізіп жатыр. Таяуда олар Алматы қаласындағы АОСК оқу-жаттықтыру орталығында орналасқан «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагеріне келді.




Бірінші күні балалар ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жүлдегері Еламан Ерғалиевпен жүздесті. Кездесу барысында спортшы балаларға оған чемпион болуға не көмектескенін айтып беріп, әрі қарайғы жоспарларымен бөлісті және балалардың сұрақтарына да жауап берді.

«АОСК – бұл спортшылардың ұстаханасы. Мұнда спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған. Лагерьге барғаннан кейін балалардың көбісінде спортпен айналысуға уәждеме пайда болатынына кәміл сенімдімін», - деп Еламан Ерғалиев ойымен бөлісті. 




Әскери қызметтің қиындығы көп. Әскери бұйрық алған маманның жер мен жағдай таңдауға еш мүмкіндігі жоқ. Әскери нысандар да кейде өрениеттен қашық тым шалғай жерде болуы мүмкін. Мұндай кезде әскери маманның мойнына түсетін қиындық оның отбасынан да алыс болмайды. Яғни, оның балаларына өркениеттің кейбір жетістігі жетпей қалып жатады. «Жас сарбаз» лагері осы олқылықтың орнын толтыруға арналған.

Жаздың үш айында балалардың демалу бағдарламасында мәдени-тынығу және спорттық іс-шаралардың кең ауқымы қарастырылған. Олардың ішінде, Алматы қаласының көрікті жерлеріне экскурсия жасау, концерттік бағдарламалар өткізу, әртүрлі ойын-сауық байқаулары, АОСК-ның танымал олимпиадалық спортшыларымен кездесу де бар. Жас сарбаздардың биылғы «Қазақстан барысы» Еламан Ерғалиевпен кездесуі сол бағдарлама аясында өтіп отыр. Қазақ батырларының ұрпағы десе дегендей тау тұлғалы жігітпен кездесуден жас сарбаздар үлкен әсер алды. Ертеңгі отан қорғаушыларға мұндай биік рух өте қажет. Осы жас ұрпақтың ішінде де ертеңгі ел барыстарының өсіп келе жатқаны аян. Әрине, бізге олардың бойлы да ойлы, күшті де рухты болғаны керек. «Қазақстан барысы» Еламан Ерғалиев те жас сарбаздарға осындай түйінді оймен келді.


С. Ақынжанов


 




Көрілген: 296    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 24.07.2017, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз, 11:51
    Ерекше мереке
    25 Шілде, 19:09
    Фотосы бар материал ДАЛА ҚЫРАНЫ - 2017

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30